Ауыл биі футбол алаңшасын ашты

Oinet.kz 06-07-2021 792

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласында туған жерге ерекше тоқталып өтті. "Басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек. Жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс" - деп жазған болатын. 

Screenshot_18.jpg

Осыған орай Түркістан облысы Бәйдібек ауданында игі іс қолға алынды. Жолғабас ауылында Елорда күні мерекесіне орай шағын футбол алаңшасының ашылу салтанаты өтті.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, мәслихат депутаты Сылқынбек Спабеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Алдамжаров, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ерғали Есмырзаев, ауданның бас имамы Еркін Полатов, ауылдық округтің әкімі Нұрлыбек Сүгірбаев, спорт ардагерлері, аудандық БАҚ-ы, қоғамдық ұйым өкілдері, ауыл тұрғындары футбол алаңшасының ашылуына қатысты. 

Ашылу салатанатында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Алдамжаров Жолғабастық тұрғындарды Елорда күнімен құттықтап, спорт алаңшасының ашылуына бастама көтеріп, демеуші болған ауыл биі Ғалымжан Бегмановқа және бірқатар ауыл тұрғындарына аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті. 

Сонымен қатар спорттық шарада демешулік жасап, алаңшаның құрылыс жұмыстарының жүруіне белсенділік танытқан бірқатар азаматтар «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының және аудандық мәслихат пен ауылдық округі әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Футболды жақсы көретін ауыл жастары үшін бұл тамаша сыйлық. Бұдан былай шынығамын, шыңдаламын деген ауыл жастары үшін бұл алаңшаның есігі әрдайым ашық болмақ.

Бәйдібекте «Ұлттық домбыра күні» аталып өтті
Өмірге құштар ақынның кітаптары кітапхана төрінде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу