Сайрамда жас таланттарға қолдау көрсетілді

Oinet.kz 14-07-2021 807

Елбасы "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласында өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятып, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру керектігін айтқан болатын. Осы орайда балалар мен жастарға ұлттық құндылықтар насихаттала бастады.

Screenshot_5.jpg

Осыған орай Түркістан облысы Сайрам ауданының төрінде  қаламы ұшқыр ақын – жазушы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Бірінші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты, Ордабасы, Сарыағаш аудандарының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иесі, ҚР Мәдениет қайраткері,  сазгер Әкім Ысқақтың «Көңіл қымбат» атты кеші өтті. 

 Қонағымыздың аудандық  оқырмандары автордың өлеңдерін  жатқа оқып, әндерін орындады.

Кеш барысында Әкім Әбдіхайымұлының жаңа «Бір адам бар» әнінің тұсауы кесілді. Сазгер ағамыз  бүгінгі туындысын Сайрамдық әншілерге сыйға тартты. 

«Көңіл қымбат» атты шығармашылық  кездесу  барысында аудан әкімінің орынбасары  Мадияр Мұхтарұлы  Әкім Әбдіхайымұлын аудан әкімі атынан алғыс хатымен марапаттап құттықтады.

Сондай-ақ  автор, Сайрам аудандық орталық балалар  кітапхансында өткен « Әкім Ысқақ оқулары - 2021» байқауының  жүлдегерлерін  марапаттады. Кешті мәдениет саласының ардагері, «Қайран ерлер, каһарман ардагерлер» республикалық байқауының лауреаты  Жақсыбай Оңалбекұлы  автордың «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтады. "Әкім Ысқақ оқулары" байқауы арқылы жас таланттарды қолдап, оларды отанды сүюге шақырды.

«Түркістан ғажайыптары» экспедициясы Созақта
Тарихи жәдігерлер өткен күннен сыр шертіп тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу