"Ауыл-ел бесігі" арнайы жобасы жемісін беруде

Oinet.kz 12-08-2021 614

Screenshot_4.jpg

Әрбір мемлекет өз халқына жағдай жасау керек. Халыққа қолжетімді бағадағы азық-түлік, білім мен денсаулықтан бөлек, жүйелі инфрақұрылымды жүргізіп, өңір тұрғындарының қолайлы ортада өмір сүруін қамтамасыз ету өте маңызды. Қолайсыз жағдайға алаңдамай өз ісімен айналысқан адамның жұмысы берекелі һәм нәтижелі болары сөзсіз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында ауылды жерлерді көркейту туралы және әрбір азамат өзінің туған жеріне қолдан келгенше көмек беру керектігін айтқан болатын. Әрбір адам туған жеріне жанашырлық танытса, еліміз бүгінгіден де көркейіп, өсіп-өркендер еді.  

Осы орайда "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Ауыл-ел бесігі" арнайы жобасы аясында Түркістан қаласында 300 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізіледі. Түркістан қаласында 845 шақырымды құрайтын жалпы 875 көше бар. Оның 301 шақырымы, яғни 35,6 пайызы - асфальт, 257,6 шақырымға тең 30,5 пайызы - тасжол. Қалған 33,9 пайызды құрайтын 286,4 шақырымы - топырақ жол.

Биыл Түркістан қаласында 286,4 шақырымды құрайтын 300 көшеге тас төсеу жұмыстары жоспарланған болатын. Қазіргі таңда, Баянауыл елдімекеніндегі 10,8 шақырымды құрайтын 13 көшеге, Тұран мөлтек ауданындағы 27,7 шақырымды құрайтын 34  көшеге тас төселуде. Сонымен қатар, Сауран мөлтек ауданындағы 6,5 шақырымды құрайтын 5 көшеге тас төсеу үшін жер төсемі тегістелген. Сондай-ақ, Тұран мөлтек ауданындағы 53,5 шақырымды құрайтын 40 көше жөндеуден өтеді деп жоспарланған.

Ауылда жолдар жаңартылуда
Назарбаев зияткерлік мектебі енді - Түркістанда!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу