Ерекше стелла көз жауын алмақ

Oinet.kz 04-08-2021 980

Screenshot_3.jpg

Түркістан қаласы ерекше нысандарымен ел назарын өзіне аударуда. Түркі әлемінің орталығында елімізде, тіпті Орта Азияда жоқ ерекше үлгідегі, сәулет өнерінің озық түрлері бой көтеруде. Көпшілікті сәулетімен тартатын тағы бір нысан салынуда. Калаға кіреберісте «Түркістан» жазуы бар ерекше стелла жұртты өзіне қаратпақ. Биіктігі 11 метрге жететін, жалпы алаңы 28 метрге созылған стеллаға 70 жарықшам орнатылады. Жаңа нысанның құрылысы жақын күндері аяқталады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыс барысын бақылады.

Облыс басшысы Түркістан қаласының әмбебап «ЭКО базар» мен автовокзал құрылысының айналасын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Ғимарат айналасын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Жасыл аумаққа 5 мың ағаш отырғызылып, жарықтандырылады, суару жүйесі іске қосылады.  

«ЭКО базарда» көтерме саудаға 450 орынға қойма, бөлшек саудаға 3500-4000 орынға лайықтап дүңгіршектер салынуда. Бүгінгі күні базар аумағына орналасуға кәсіпкерлер тартылып, ірі өндіруші мекемелермен келісімшарт жүргізілуде. Отандық кәсіпкерлермен қатар, жаңа базарда шетел кәсіпкерлері де өз өнімдерін саудаға салады.

Облысы басшысы құрлысы жүріп жатқан Ясауи көшесінің бойында орналасқан желілік саябақты аралады. Қаладағы Яссы көшесін күрделі жөндеу жұмыстары мен «Түркістан - арена» стадионының айналасын көгалдандыру барысымен танысты. Жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді.

Түркістан қаласы жасыл желекке бөленеді
Түркістанда 5 мың орындық зәулім мешіт бой көтереді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу