Байтұрсынұлының 150 жылдығына көрме өтті

Oinet.kz 17-11-2022 237

Ахмет Байтұрсынұлы – әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Биыл елімізде ғана емес, ЮНЕСКО көлемінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы кеңінен аталып өтуде. 

Screenshot_16.jpg

Түркістандағы «Ұлы Дала Елі» орталығында мекеме жоспарына сәйкес Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – кемеңгер қоғам қайраткері!» тақырыбында фото көрме жасақталды. Шара мақсаты ұлт ұстазының шығармашылығы мен кітаптары және ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру, ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу, танымдық деңгейін дамыту болып саналады. Шараға Түркістан қаласының мектеп оқушылары мен орталық қонақтары қатысты.

Ахмет 1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай округі, Торғай уезі, Тосын болысының 5-ші ауылына қарасты Сартүбек елдімекенінде дәулетті отбасында дүниеге келген. ХХ ғасырдың басында қазақтың алтай тілінен келе жатқан құран таңбаларымен жазылған қазақ тіліне құқықтық негіз жасап берді. 1891 жылы 24 таңбадан тұратын қазақ әліпбиін ұлттық болмысқа салып реформалаған. Мұны өзі «қазақ жазуы» деп атаса, ел ішінде «Байтұрсынов жазуы» деп аталып кеткен. Содан соң осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Кейіннен «Халық жауы» деген жаламен айыпталып, жер аударылып кетті. Ол тар жол тайғақ кешулерден өтіп, репрессия құрбаны болған. 

Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы, оның қазақ әліпбиіне, әдебиетіне қосқан зор үлесі келер ұрпаққа өнеге. Мектеп оқушылары ұлт ұстазы туралы мол ақпарға қанығып, шара соңында баба рухына тағзым етті.

Түркістанда шетел әншілері қазақ тілінде ән салды
«Мәңгілік елім – Қазақстан» фотокөрмесі өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу