Қазақстанда жаңа кәсіби мереке бекітілді

Oinet.kz 24-11-2022 224

Қазақстанда 10 қарашада Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні аталып өтіледі. Бұл туралы Үкіметтің ресми парақшасы хабарлады.

Screenshot_29.jpg

Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» тиісті қаулыға қол қойды.

Осыған байланысты 17 мамырда аталып өтілетін Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні мерекесі Байланыс қызметкерлері күні болып өзгертілді.

Жаңа кәсіби мерекені бекітуге сала қызметкерлерін қолдау мақсатында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бастамашы болды. Бүгінде олардың жалпы саны 155 мыңнан асады.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Түркістанда ғұламалар кеңесінің кезекті мәжілісі өтті
Қоқыс қайта өңделетін болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу