Қазақ руханиятының көсемі – Ахмет!

Oinet.kz 28-11-2022 250

Түбі бір түркі елінің рухани астанасы болған Түркістан қаласы бүгінде облыс орталығына айналып, күннен-күнге гүлденіп келеді. Тек облыс орталығында ғана емес, сонымен қатар облысқа қарасты барлық аудан-қалаларда түрлі шаралар өтіп келеді. 

Screenshot_37.jpg

Әсіресе мерейтойлық шаралар едәуір көш бастап тұр. Соның бірі қарт Қаратау етегінде орналасқан Созақ ауданында да осы мазмұнда шаралар тұрақты түрде өтіп келе жатыр. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай Созақ аудандық орталық кітапхананың бірыңғай қорларды ұйымдастыру және пайдалану бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы өтті. Мұнда таңдалған Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларына арналған «Қазақ руханиятының көсемі» атты тарихи сағаты өткізілді. Тарихи сағатта Алаш қайраткерінің өмірінен ақпараттар беріліп, өлең-жырлары мен аудармалары жатқа оқылды.

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. Түрлі сергелдеңді көрген, қилы заманды бастан кешкен ардақты тұлға 1988 жылы ақталды. Оның артында мол әдеби, ғылыми еңбектері қалды. 1909 жылы Петербург қаласында «Қырық мысал» деген алғашқы кітабы жарық көрді. 1911 жылы Орынбор қаласында «Маса» атты өлеңдер жинағы шықты. Ахмет есімі қазақ тілінің реформаторы, теоретигі әрі қазақ тіл білімінің атасы ретінде танымал. Ол араб әріптерінің негізінде қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты кітаптарында қазақ тілінің мәселелерін қарастырып, тіл білімінде терминдер қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдарға анықтамалар берді.

Елдікті сақтап қалған қазақ батырлары
Жетісайда Сабырхан Асановтың 85 жылдығы аталып өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу