Созақ ауданында «Жас өрен – 2022» әдеби танымдық байқауы өтті

Oinet.kz 29-11-2022 250

Биылғы «Балалар жылы» аясында «Amanat» партиясы Созақ аудандык филиалының колдауымен ер балалар арасында «Жас өрен – 2022» әдеби танымдык байкауы ұйымдастырылды. Аталмшыш іс-шара «Мыңжылкы» мәдениет сарайының үлкен залында өтті.

Screenshot_39.jpg

Байқауға аудан мектептерiнiң 4-сынып окушылары катысты. Олар сайыс ережесіне сәкес 4 кезең бойынша бақ сынады. Тарқатып айтар болсақ, I кезең «Тегiмдi менiн сұрасаң...» атты тақырыппен өзiн таныстыру болды. Мұнда қандай да бір шектеу қойылмаған, яғни өлең, көркемсөз, ән, видео түрiнде таныстыруына рұқсат берілді. Ал ІI кезең «Бiлiмдi мынды жығады» деп аталды. Сайысқа қатысушылар «Bookfighter – Кiтап күрескері» бағытында сұрақ-жауап түрінде білімдерін дәлелдей түсті. «Балалар поэзиясы» атты III кезеңде оқушылар еркін тақырыптағы тақпақ, өлең, қисса-дастан, батырлар жыры, жыр туындыларынан үзіндіні мәнерлеп жатқа оқыды. «Үй тапсырмасы» бойынша соңғы IV кезеңде әкелерiнiң катысуымен «Менің әкем – арқа сүйер тiрегiм» сайысы өтті. Мұнда әке мен бала арасындағы қатынасты қалыптастыру мақсатында қатысушы өз әкесін таныстыра отырып, әкесiмен бiрге өнер көрсетті. Кейбірі бейнеролик ұсынып, «Әке мен бала» тақырыбында жазылған ақын-жазушылардың шығармаларынан көрініс көрсетсе, енді бірі спорт түрлерін дәріптеді. Іс-шара барысында катысушылардың әкелерiне жүргізуші тарапынан сұрақтар қойылды. 

Осындай мән-мағынасы зор сайыстың қазылар алқасы құрамында ардагер ұстаз, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты, қазылар алқасы төрағасы Мұхамедали Иманбеков, Созақ ауданы «Тілдерді дамыту және оқыту орталығы» КММ-нің директоры Роллан Ізбасарұлы, Түркiстан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кiтапханасының инновациялық және әдістемелік бөлімінің басшысы Асия Сәбденқұлова бар. Олар төрелік еткен байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезiнде сөйлеу мәнеріне, тіл тазалығына, жан-жақты бiлiмдiлiгiне, сахнада өзiн-өзi ұстау мәдениеттiлiгiне назар аударып, қорытынды шығарды. Байқау қорытындысы бойынша келесі қатысушыларға келесідей орын бұйырды, атап айтқанда I орын - Ниетқабыл Нұрбақыт (Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі, 4-сынып), , ІІ орын Ескендірұлы Ахмад (Н.Төреқұлов атындағы IТ мектеп лицейі, 4-сынып), I орын - Сейділдә Қасиет (Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі, 4-сынып). Ал  Исахан Дидар (Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат лицейі), Сүлейман Дарын (Қаратау ауылы, Панфилов мектебі, 4-сынып), Тәңірберген Бақдәулет (А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі, 4-сынып), Тұрарбек Бекарыс (А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі, 4-сынып) алғыс хаттармен марапатталды.

Ұлдарына колдау корсетіп, іс-шараға белсенділік танытқаны үшiн Мырзабеков Мұхтар «Өнерлі әке», Тұрлыбеков Талғат «Менің әкем осындай», Құлбаев Алмас «Ең мықты ақылды əке», Насыров Ыдырыс «Жiгерлi әке», Беркінбаев Асылбек «Әкешім бәйтерегім», Мырзабеков Ескендір «Әке асқар тау», Мантбеков Беркiн «Өнегелі әке» номинациясымен марапатталды. Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының инновациялық және әдістемелік бөлімінің басшысы Сабденкулова Асия кітапхана атынан арнайы сыйлығын Тәңірберген Бақдәулетке (А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі, 4-сынып) ұсынды. Балалар жылында іс-шарамызға қолдау көрсетіп I орынға сыйлығын «Amanat» партиясының Созақ аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сағындық Ернар Құралбекұлы, ІІ орынға - Созақ аудандық iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы Райымқұлов Ерлан Болатханұлы, III орынға - Созақ аудандық пошта байланысы торабының басшысы Смайлов Нұрлан Рысбайұлы, номинациялар бойынша Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінің директоры Нұрбек Ермекұлы демеушiлiк көрсетіп, балаларға мереке сыйлады.

Жетісайда Сабырхан Асановтың 85 жылдығы аталып өтті
Түркістан қалалық кітапханасында «Ұлттың ұлы ұстазы» атты әдеби аялдама өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу