Отырар ауданында жаңа мәдениет ошақтары бой көтереді

Oinet.kz 30-11-2022 240

Бұл туралы бүгін Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов мәлімдеді. Ағымдағы жылы Балтакөл ауыл округінде 200 орындық «Балтакөл» мәдениет үйі пайдалануға берілді. Сондай-ақ Аққұм ауыл округінен 150 орындық «Аққұм» мәдениет үйі жыл соңына дейін іске қосылады.

Screenshot_41.jpg

Алдағы үш жылға мәдениет саласының құрылысына қаржы қарастырылып, 8 жоба жоспарланып отыр. Оның ішінде:

-100 мың томдық кітапхана құрылысы;

- 5 елді мекеннен 150 орындық мәдениет үйінің құрылысы (Ақтөбе, Шойманов, Талапты, Мыңшұңқыр, Жаңа Шілік), 200 орындық Көксарай мәдениет үйінің құрылысы;

- Шәуілдір ауылынан өлкетану музейінің құрылысы.

Кітапхана құрылысы жүзеге асқан жағдайда ғимаратпен қамтылмаған орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, жастар ресурстық орталығы, өнер және саз мектебі аталған ғимаратқа орналасады. Мәдениет ошағымен қамтылмаған бес елді мекенде мәдениет үйлері бой көтереді.

Бұдан бөлек, ауданның әрбір саласында ауыз толтырып айтарлық жетістіктер көп. Соның ішінде Отырар ауданында 12 елдімекенде газбен қамтамасыз ету жұмыстарының құрылысы толық аяқталып отыр. 

Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Облыстық кітапханада Нәзір Төреқұловтың 130 жылдығына арналған кеш өтті
Келесте тұңғыш рет кітапханашылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу