Қазақтың батыр қызы – Мәншүк Мәметова!

Oinet.kz 06-12-2022 338

Биыл туғанына 100 жыл толған қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметова сұрапыл соғыс жылдарында жаратылысы нәзік болса да, сайдың тасындай сарбаздардан кем түспей, қайтпас қайсар қайратымен қан майданда ерлік көрсеткен қазақтың батыр қыздарының есімдері ел есінде. 

Screenshot_50.jpg

Солардың бірегейі, қазақ қыздарының арасынан тұңғыш рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған  пулеметші – Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова.

Бүгін «Жастар ресурстық  орталығы» КММ-нің қызметкері «Ерліктің қос қанаты деп білем» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш жастар арасында Отанға деген сүйіспеншілікті артыру, соғыс жылдарындағы сайдың тасындай қайтпас қыздарымыздың ерлігін насихаттау болып саналады.

Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова Орал облысының (қазіргі Батыс Қазақстан) Орда ауданындағы Жасқұс ауылында 1922 жылы  дүниеге келген.  1942 жылы тамызда өз еркімен сұранып, Қызыл Армия қатарына алынды. Алғашында штаб песірі, кейіннен дала госпиталінде медбике болды. Институтта оқып жүргенде мергендікке үйренген Мәншүк бос кезінде «Максим» пулеметінің құрылысын зерттеді. Өзі сұранып, атқыштар дивизиясына қосылып, 21-ші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. 1943 жылғы 15 қазанда Калинин майданының әскерлері құрамында Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты. Денесі Невель қаласына жерленді. Батыр қызға қаза тапқаннан кейін, 1944 жылғы 1 наурызда СССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Киелі Отырарда аламан айтыс өтеді
Шардара ауданының инфрақұрылымы жақсарып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу