Түркістан облысының тұрғындары ЖСН арқылы сайлау учаскесін анықтай алады!

Oinet.kz 07-12-2022 312

Елімізде 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Осы орайда, Түркістан облысының әкімдігі сайлаушылар тізімінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында https://tur.saylaw.kz/ сайтын іске қосқан болатын.

Screenshot_42.jpg

Өңір тұрғындары https://tur.saylaw.kz/ сайтына кіріп, өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізе отырып, қай сайлау учаскесінен дауыс беретінін, сондай-ақ сол сайлау учаскесінің қай мекен-жайда орналасқанын біле алады. 

Қосымша сұрақтар болған жағдайда, 109 (қоңырау шалу тегін) Call-орталығына кез келген уақытта тәулік бойы хабарлассаңыз болады. Егер, сіз өзіңізді сайлау учаскеңізді таппасаңыз, сайтта көрсетілген аудан, қалалардағы сайлауға жауапты тұлғалардың байланыс телефондарына хабарласып, қажетті ақпарат ала аласыз. 

Сайлауға қатысу – әр қазақстандықтың азаматтық борышы. Осы ретте, облыс тұрғындарын сайлауға барып дауыс беруге, азаматтық белсенділік танытуға шақырамыз!

Түркістан облыстық кітапханасында Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орай шара өтті
Түркістанда «BilimLand.kz» цифрлық білім беру платформасы қосылуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу