Саяси құжатта қоғамның талқысына түскен мәселелер қамтылған

Oinet.kz 03-11-2022 225

image.png

Түркістан қаласындағы “Ұлы дала елі” орталығында «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының кезектен тыс XLVI конференциясы өтті. Оған «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Таңатаров, партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев, Саяси кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, БПҰ төрағалары, БАҚ өкілдері мен жастар қатысты. 

Басқосу Мемлекеттік Әнұранмен ашылды. Конференцияның күн тәртібінде белгіленген бірінші мәселесі «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасын талқылау бойынша Ғаппар Амантайұлы баяндама жасады. 

- «AMANAT» партиясы өзінің халық алдындағы жауапкершіліктерін нақтылап, қоғамдағы өзгерістер мен сұраныстарды ескере отырып тұғырнама дайындады.  Тұғырнама Адамның, Қоғамның және мемлекеттің үйлесімді дамуы, олардың өзара қарым-қатынасы принципіне құрылған. Партия мүшелерімен бірлесе жұмыс жасап, баға жетпес байлық – Тәуелсіздік, Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен егемендігінің мызғымастығын сақтау, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, ұлттық мәдениетті, руханиятты қалыптастыруға ерекше мән беру керектігін жеткізеді. Саяси құжатта қоғамның талқысына түскен мәселелер қамтылған. Сондай-ақ жергілікті азаматтардың ұсыныстарын енгізу басты мақсат болып отыр. Сондықтан сіздердің әрбір ұсыныстарыңыз біз үшін маңызды,- деді Ғаппар Амантайұлы.

- Осы пікірді жалғап, жарыссөзге шыққан «Ғ.Мұратбаев» жалпы орта мектебінің мұғалімі Г.Дошанова Саяси тұғырнама мемлекетті өркендеуіне үлес қосып қана қоймай, азаматтардың мүддесін қорғайды деген сенімде. 

Конференцияда қаралған екінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық  филиалының кезектен тыс XLVI конференциясына Түркістан қаласынан қатысатын делагаттар тізімі ұсынылып, олар бірауыздан қолдауға ие болды. Сонымен қатар, жиынның күн тәртібінде «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалы Саяси кеңесінің құрамын сайлау туралы да мәселе қаралды. Конференция делегаттары жаңа құрамды сайлау жобасымен танысып, бірауыздан бекітілді.   

Қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысы Ғ.Сәрсенбаев жаңадан сайланған Саяси кеңесінің мүшелерін құттықтап, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Жиын соңында филиал төрағасы Нұрбол Әбдісаттарұлы: «Бүгінгі өзгерістер «AMANAT»-тың заман талабына сай жаңара түсуіне жол ашады. Партия елімізді көркейтуге өз үлесін қоса беретіні сөзсіз, -деп жиынды қорытындылап Президенттің айқындаған міндеттерді мүлтіксіз орындауға шақырды.

«Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Президент Жолдауы насихатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу