Президент Жолдауы насихатталды

Oinet.kz 02-11-2022 275

image.png

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында қойылған міндеттердің маңызын түсіндіріп, кеңінен насихаттау мақсатында “Amanat” партиясының бастамасымен “Amanat” партиясының мүшесі, қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы және Түркістан қаласы әкімдігінің «Экономика және қаржы» бөлімінің басшысы Ақылбек Айбек Ақылбекұлы қала тұрғындарымен кездесу жиын өткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Кемелұлының «Халық қатысатын Бюджет» тақырыбындағы 1 қыркүйектегі Жолдауын түсіндіру мақсатында бірақатар баяндамалар оқылды. Атап өтетін болсақ, «Халық қатысатын бюджет» тақырыбында Түркістан қаласы әкімдігінің “Экономика және қаржы” бөлімінің басшысы Ақылбек Айбек Ақылбекұлы баяндама жасайды. Сонымен қатар, «Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту» тақырыбында Апсен Санжар және «Жаңа Қазақстан-жарқын болашақ!» тақырыбында Исетова Олмасхан  баяндамаларын көпшілікке ұсынды. 

«Қазіргідей күрделі геосаяси жағдайда мемлекеттің ішкі саяси реформаларының орнықтылығы өте маңызды мәселе. Президент Жолдауындағы жаңа саяси практика, жаңа саяси дәстүр –  «жариялылық» принципіне үлкен көңіл бөліп отыр. Жолдау мемлекеттік бюджет бекітіліп жатқан шақта жолданды. Демек, алдағы жылдың бағыт-бағдары, істелінетін істері айқындалды деген сөз. Қазынадан арнайы қаржы бөлініп, жаңа жобалар жүзеге асырылмақ. Бүгінгі ел Президентінің жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей. Ел Президенті өз жолдауында, қарапайым еңбек адамының, зейнеткерлердің, мемлекеттік қызметкерлер мен білім-ғылым саласындағы еңбек етіп жүрген ғалымдардың, қала берді мемлекеттік басшылықта отырған депутаттар мен министрлердің, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің әрқайсының міндетін, қызметіндегі өзгерістер мен жаңалықтарды санамалап айтып өтті. Әсіресе соңғы уақыт көлемінде денсаулық саласы қызметкерлерінің еңбегінің бағалануы керектін, әлеуметтік көмектің тағайындалуын тапсырды. Себебі пандемия уақытында алдыңғы шепте ауыр дертпен күрескен ақ халатты абзал жандар екені баршамызға белгілі. Қандай заман, қай қоғам болмасын білім алуды ешқашан шетке ысырып қойған емес. Қазіргі қоғам білімді жастардың қоғамы. Жас буынға білім беру жолында еңбек етіп жүргендіктен білім саласында болып жатқан барлық өзгерістер мен жаңалықтар менің жаныма жақын. Ел дамуындағы барлық маңызды деген мәселелерді атап айтып, шешу жолдарын ұсына келе, ел президенті өз жолдауындағы бесінші мәселе ретінде білім беру саласына тоқталып өтті. Әлем елдеріндегі пандемиялық жағдайларды ескере, еліміздегі карантиндік жағдайды қатаң сақтай отырып, білім беру саласының қашықтықтан ұйымдастырылып отырғанын, сондай-ақ қашықтықтан білім беру жүйесінің әдеттегі дәстүрлі сабаққа жетпейтініне тоқталды. Дәстүрлі жүйе бойынша білім алуға барша жағдай жасауды тапсырып отыр. Әрбір оқушы мен ұстаздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолын ескере отырып, дәстүрлі жүйеде білім беруге дайындық жұмыстарын жүргізуді де атап айтты. Қашықтықтан білім беру жүйесінде де барынша дамытылған онлайн білім беру платформаның дайындалу керек екенін тілге тиек етті. Басты назарды жасөспірімдердің спорт пен шығармашылық тұрғыда білім алуына жағдай жасауға жұмсауды тапсырды. Әрбір жас бүлдіршінге мектепке дейінгі оқу-тәрбие берілуі керектігін, балабақшалар мен мектепке дейінгі білім беру орындарын көбейту үшін жұмыс жасауды, білімді ұрпақтың ел болашағы екенін еске салды. Сонымен қатар Президентіміз жылдағы жолдауында атап айтатын тағы бір мәселе ұстаздардың еңбекақысы жайлы болды. Алдағы қаңтар айында ел ұстаздарының еңбекақысын 25 пайызға өсіруді тапсырды. Қазіргідей жаңарған жаңа заманда еліміздің әрбір азаматы жоғары білім мен табанды еңбектің нәтижесінде ғана биік белестерден көрінетіні ашық жеткізді. Ел азаматтарын, отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырды»-, деді өз баяндамасында О.Исетова.

Жиын соңында қатысушылар Жолдауға ерекше қолдау бар екенін жеткізіп, зейнеткерлікке шығу, бір, екі және үш балалы аналарға жәрдемақы беру жұмыспен қамту тақырыптарында ұсыныстарымен бөлісті.


Саяси құжатта қоғамның талқысына түскен мәселелер қамтылған
1800-ге жуық байқаушы даярланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу