Шерағаңның шашылып түскен тiркестерi

Oinet.kz 14-12-2022 267

image.png

Түркістан қаласында Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған «Көркемсөздің көшбасшысы, көсемсөздің  қолбасшысы» атты халықаралық симпозиум өтеді. Шараға орай белгілі жазушы, журналистер Ш.Мұртаза жайлы өз естеліктерімен бөлісуде. 

«Егемен Қазақстанға» Шерағаң басшылық жасаған тұста атақты ой­шыл, та­нымдық прозаның перiсi Асқар Сүлей­меновтiң «Шашы­лып түскен тiркестерi» жарияланып, қоғамның ой-санасында дүмпу туғызған едi. Содан берi осы тiркес сөз айналымына енiп, аракiдiк бас­пасөзде қолданылып келедi. Бiз де сол үздiк үр­дiстiң үзiгiн үзiп алмау мақсатында оны жаң­ғырта отырып, Ше­рағаңның әр жылдардағы ой-толғаныс, көзқарас­тарын Қ.Қаған ық­шам­дал­ған түрiн жинақтапты. Мұны оқырман­дар назарына ұсын­ғанды жөн көрдiк. Саңлақтың семсер сөзiн сағынған шығарсыздар.    

Өзiң өлме, өзгенi де өлтiрме. Мiне, шын де­мо­кратия. Мiне, шын адамгершiлiк, иман­дылық! Ал, бұл қасиет, Құдайға шүкiр, қазақта бар. 

***

...Бiзде байлық жоқ, оны, әсiресе, қазiр көбiрек сезiнiп жүрмiз. Керек десе, әлi күнге дейiн жеке саяжайымыз да жоқ. Өкiметтiң босағасына таман бiр саяжайымыз болушы едi, оны осы күнгi Iс басқарушы тартып алып, әлдекiмдерге бердi. Мейлi, астанада баспанасыз жүрген мыңдаған қазақтан жанымыз артық емес шығар, әйтеуiр баспанасыз емеспiз ғой...

***

...Бұл – отансыздық идеологиясы. Бұл таптың анасы – ақша, атасы – сауда. «Коммерсанттар үшiн өз туған елi болмайды» деп Америка демо­кра­тиясының атасы Томас Джефферсон айтқан. 

Демек, бұлардан ұлттық руханият дәметiп бе­реке, қайыр таппайсың. Бұлар ұлттық руханият та­лықсып жатса, аузына су тамызбайды. Оның есе­сiне шеттен келген «жұлдызсымақтарға» миллион­дарды аямай төлеп, жатып төсек, жайылып жастық бола қалады. 

Пифагор деген әулие: 

«Жақсы заңың болғанша, жақсы әдет-ғұрпың болсын» деген екен. 

Бiзде не көп, заң көп. Бiрақ соның қайсысы орын­да­лып жатыр. Ал әдет-ғұрып, салт-сана, мiне, замандар легiнен тазарып шығып сұрыпталған идеология. Сорлатқанда, бiз содан айырылдық қой. 

***

Қазiр жоғарыдан төменге дейiн, өрден ылдиға дейiн жаппай ұрлық, қарлық. Ұлы ұрлық дәуiрi. 

Қайда барып оңамыз! 

Жетiм мен жесiрдiң ақысын жеме! – дедi салтымыз. 

Әсiресе, әлсiздердi, жетiм мен жесiрлердi жегiштер көбейдi. 

***

Жан-жақтан торыған ажалды жолатпай Қорқыт ата қобызын күндiз-түнi тебiрентiп-ақ келiп едi... Әттең-ай, бiр сәтке қалғып кетiп, қобыздың үнi өшiп қалғанда, қасиеттi бабаны жылан шағып өлтiрдi. 

Сол қобыздың шын аты – Руханият. 

***

Газет жұмысы – бiр жағынан жазушының досы. Ел көресiң, жер көресiң, сан-түрлi адам­дармен кез­десесiң. Шығармаға жем табылады. 

Газет – бiр жағынан жазушының жауы. Ойыңда жүрген, көкiрегiңдi кернеген дүниенi алаңсыз отырып жаза алмайсың. Ұдайы оттың iшiнде жүресiң. Түнде де тыным жоқ. Газет кеш шығады. «Халыққа бiр тиын пайдасы жоқ, күнде бас қосқан жиын болады». Өл-тiрiл, сондағы баяндаманы, бастықтардың көпiрме сөздерi таңертең газеттiң бетiнде болуы керек. Әйтпесе, басың кетедi. Сөйтiп жүрiп мен бастап қойған повесiмдi аяқтай алмадым. 

Ал Оралхан сол сапардан бiраз жыл кейiн «Құм мiнезi» деген повесть жазды. Мiне, жазу! Жазсаң – осылай жаз...

***

Қолдан әлсiретiлген ұлттық мәдениет, жүде­ген ұлттық рух шетелдiк имансыз басқыншы­лыққа қарсы тұра ала ма? Қарсы тұру үшiн бүкiлхалықтық қаһармандық әрекет керек. Ұлттық ұрпақтар бiрлестiгi ендi он есе, жүз есе керек. Әккi саясаткер Черчилль айтқандай, бiз «қиыншылықты қолдан жасап алып, қаһарман­дықпен» жеңуiмiзге тура келедi.

***

«Әкелер мен балалар» проблемасы деген батыстан келген кесел. Қазақта ондай проблема болған емес. Әкелерiн қартайғанда «Жетiмдер үйiне» апарып тастайтын тәсiрсiздiктi қазақ бұрын бастан кешкен емес. «Бүгiн не ексек, ертең соны орарсыңды» бiздiң халық қағида тұтқан.

Талғат АЙТБАЙҰЛЫ: Бағалай білсек Еңбек Ері атанатындардың бірі де бірегейі Шерхан ағамыз болатын еді
Шерағаны еске алушылар көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу