Студенттер кемеңгер қолбасшы Хан Кененің 220 жылдығын атап өтті

Oinet.kz 03-12-2022 252

image.png

«Ұлы Дала Елі» орталығының ұйымдастыруымен Кенесары ханның 220 жылдығына орай «Кемеңгер қолбасшы хан Кене: мәселелер мен ізденістер» атты ғылыми-теориялық конференция өтті. Аталмыш конференцияға Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттері мен оқытушы-ғалымдары қатысты. Конференция барысында студенттер өздерінің ғылыми баяндамаларын оқыды. 

Атақты Шыңғыс ханның 27-інші ұрпағы, Абылай ханның немересі, қазақ халқының соңғы ханы – Кенесары Қасымұлы 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келіп, 1847 жылы Қырғызстанның Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік – Сеңгір аңғарында көз жұмған. 1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басталды. Ол Қазақстандағы ірі көтерілістердің бірі еді. Оған үш жүздің қазақтары түгел қатысты. Кенесары тарих сахнасына өзінің ұлы бабасы Абылай ханның ісін жалғастырып, алға алып барушы ретінде шықты. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық таланты мол болатын қайратымен және жүрек жұтқан батылдығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен тaнылды. Замандастарының сипаттауына қарағанда, ол ашық жүзді, орта бойлы және жауырыны қақпақтай төртпақ тұлғалы болған. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын, өзін-өзі аса байсалды ұстай білетін. Әңгімелескен адамыныңпікіріне әрқашан мұқият назар аударатын, кеңпеиілді адам болғандығын айтылады . Кеңес үкіметі тұсында Кенесарының күрес жолына іргелі ғылыми зерттеу арнаған тарихшы-ғалым Е.Бекмаханов саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Кенесары Қасымұлы тұлғасына жаңаша қарап, оның шынайы бағасын беру ісі Қазақстан тәуелсіз мемлекетке жеткеннен кейін ғана қолға алынды. 

Конференцияның қорытынды сөзі «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі директорының орынбасары Мұрат Тастанбековке және Халықаралық туризм және меймандостық университетінің. т.ғ.к., доцент Ербол Абдрамановқа, «Ұлы Дала Елі Орталығының» директор орынбасары Тұрар Акимовқа берілді. Олар осы ұйымдастырылған конференцияның тарих саласын дамытуда алар орны ерекше екенін және Кенесары ханның жастар арасында кең көлемде насихатталу керектігін тілге тиек етті. Мұндай танымдық шараның жастарға берер тәлім тәрбиесі мол дей келе, конференцияның өз деңгейінде өткендігін атап өтті. Сонымен қатар келешек ұрпаққа өткен тарихымызды таныстыру мақсатында арнайы ұйымдастырылған конференцияға белсене қатысқан жастарға мол ризашылықтарын білдірді.

Кенесары Қасымұлы – мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы. Кенесары хан елінің амандығымен жерінің тұтастығын, өркениетінің өшпеуі үшін атқа қонған тарихи тұлға. 


Бүкіл тарихи дәуірдің тынысын шебер бейнелеген
Тұрар тағдыры арқылы қазақ халқының басынан кешкен қилы кезеңдерді баяндайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу