Түркістанда әлеуметтік көмекпен кәсібін ашқандар көп

Oinet.kz 02-08-2019 723

Znalezione obrazy dla zapytania түркістан кәсіп

Түркістан қаласында "Кедейлік кетсін десең, еңбек ет. Молшылық жетсін десең, еңбек ет", -деп, өз кәсібін өрлетіп жүргендердің қарасы көп.

Түркістанда 70 мыңнан астам отбасыға 56,7 миллирд теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Мемлекеттен қайтарымсыз қаржылай көмек алған отбасылардың ішінде 4 мыңнан астамы жеке кәсіп ашып, тірлігін дөңгелетіп отыр.

Атаулы көмекті кәсібіне айналдырып отырған қала тұрғындары өз кәсіптерін жандандыруға барын салуда. Тұрғындардың айтуынша, мұндай көмекті тиімді пайдалана білген ғана кедейліктің шұңқырынан бірінші болып шығады.

Осындай көмек алып, тіршілігін түзеп отырған жанның бірі – түркістандық Баян Ратаева. Көп балалы ана мемлекет тарапынан берілген қаржыға 80 тауық пен екі сиыр сатып алған. 

39 жастағы Баян Ратаева – бес баланың анасы. Жолдасы екеуі де жұмыссыз. Мектеп жасындағы үш баласына 21 мың теңгеден жәрдемақы алады. 

«Әр балаға берілетін мемлекеттің жәрдемақысы болмағанда күн көрудің өзі қиынға соғар еді»,-дейді көп балалы ана. 

Ай сайынғы балалардың жәрдемақысын жинап, оған 80 тауық пен екі сиыр сатып алған. Енді соның жұмыртқасы мен сүт сатып, кәсібінің нәсібін көріп отыр. 

Баян Ратаева, қала тұрғыны: – Осы 80 тауықтың 40-ы туады. Соны базарға апарып сатамыз. Балаларға қажетті заттарын әкеліп беремін. Сиырымыз бар, одан балалар айран-сүт ішеді. Балаларымыз мәз, құрт жасап беріп жатырмыз. Мемлекет жағдаймызды көтеріп, көп балалы аналарды ойлап жатыр. Арасында бала-шағамызды киіндіріп те жатырмыз. Жоқ нәрсесін әперіп те жатырмыз.

Қаладағы азық-түлік белдеуі кәсіпкерлік қанатын кеңге жаяды
Шаруалардың кәсібін су тапшылығы бөгемейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу