Шаруаларды толғандырған сұрақтарға жауап берілді

Oinet.kz 27-05-2021 307

18.jpg

Түркістан облысы Ордабасы ауданында биыл 65 310 гектарға ауыл шаруашылық дақылдары егілді. Оның ішінде 17 147 гектар - күздік бидай, 1437 гектар - жаздық бидай, 1279 гектар - арпа, 8070 гектар - дәндік жүгері, 11 768 гектар - ескі жоңышқа, 8881 гектар жаңа жоңышқа. Осы орайда аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков мал азығымен қамтамасыз етуде жергілікті шаруаларға басымдық беру бойынша түсіндіру шараларын жүргізуді тапсырған болатын. Жалпы қазіргі таңда аудан бойынша 81 102 ірі қара, 455 902 уақ мал, 24 310 жылқы, 696 түйе бар. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жуырда аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл ауыл округ мамандарымен және шаруашылық өкілдерімен кездесу өткізді. Жиын барысында көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген бағада ауданға 3055 тн. жанар май бөлінгені, бүгінде оның 85 пайызы үлестірілгені, ұсақ шаруашылықтардың жанар майға қол жетімділігін арттыру мақсатында Бадам, Қажымұқан, Төрткүл ауыл округтерінен жанар май тарату бекеттері құрылғаны айтылды. Егілген дақылдар бойынша 804 тонна минералды тыңайтқыш алынса, оның 431 тоннасы жеңілдетілген бағамен ұсынылған. 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шаруалар толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиянақты жауап алды. 


«Тәлкекке түскен тағдырлар» кітабын жарыққа шықты
Мәжілісте жер пайдалану мәселесі қаралды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу