Қазығұртта жол сапасы жақсарған

Oinet.kz 27-05-2021 315

27.jpg

Қазығұрт  ауданында 52 шақырым жол жөндеуден өтуде. Жыл соңына дейін 30 шақырымнан астам көлік жолдарының құрылысы толық аяқталып, пайдалануға беріледі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 Соның нәтижесінде аудандағы жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 70 пайыздан асады. Облыстық маңызы бар жолдардың ұзындығы 250 шақырымнан асады. Автомобиль жолдарының жалпы жағдайы жайлы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің ауданға жасаған жұмыс сапары барысында баяндалды. Облыс басшысы Шарапхана-Жаңабазар автожолының күрделі жөндеу құрылысымен танысты. Жолдың ұзындығы 16 шақырым Облыс әкімі аймақта салынып жатқан жаңа нысандарды аралады. Жаңабазар ауыл округі, Үшбастау елді мекеніндегі 200 орындық «К.Әзербаев» атындағы жалпы орта мектебінің құрылыс алаңында болды. Білім ұясы биылғы оқу жылына қарсы ашылмақ. Түркістан облысында құрылысы жүріп жатқан 50-ге жуық орта мектептің төртеуі Қазығұрт ауданында бой көтерген. Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өз үйінің жанынан мал бордақылау алаңын ашып, кәсібін дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкердің жұмысымен танысты. Небәрі 10 мал басымен тірлік бастаған Жаңабазар ауылының тұрғыны қысқа уақыт ішінде мал басын 200-ден асырған. Қазығұрт ауданындағы жалпы аналық мал басының саны 54 мыңға жеткізілген. Тұқымдық түрлендіру үлесі биыл 170  пайызды құраған. 


Мәжілісте жер пайдалану мәселесі қаралды
Қазығұртта ауыз су өндіретін цех іске қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу