«Тұран» шағынауданында құрылыс қарқын алған

Oinet.kz 10-06-2021

Screenshot_6.png

«Тұран» шағынауданында құрылыс қарқын алған. Қаланың іргесіндегі елдімекеннің бас жоспарына сәйкес мұнда көпқабатты үйлер, әлеуметтік нысандар бой көтереді. Мердігерлер шуақты күндерді пайдаланып тұрғын үйлердің құрылысымен бірге ауланы көріктендіру, жол салу, жарықтандыруды қатар жүргізуде.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов  басқарма басшыларымен шағынауданда жаңадан төселген тас жолдармен жүріп әр нысандағы жұмыс барысымен етене танысты. Тұрғын үйдің төңірегіндегі жол қауіпсіздігі ауланың жергілікті тұрғындарға ыңғайлылығы қазірден қамтамасыз етілуі тиіс деп тапсырды шаһар басшысы.

Жобалық – сметалық құжатқа сәйкес, «Тұран» шағынауданында 9 қабатты үйлерден бөлек 12 қабатты үйлер де бой көтеруде. Қаланың алдағы бес жылдық жоспарына сәйкес мұнда емхана, мектеп, бала-бақша және тұрғылықты халықтың тыныс тіршілігіне қажетті өзге де әлеуметтік нысандар салынады.

Сондай -ақ, қаланың орталығы және басқа да шағын аудандарымен байланыстыратын қоғамдық көліктің қатары да толықпақ.

Және де қала әкімі Арғынбеков көшесі үй алқабындағы көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік инфрақұрылымының құрылысын да пысықтады. Мердігер мекеме «Ынтымак Бес-Арыс» ЖШС құрылысты тамыз айында аяқтауды жоспарлап отыр.

Сонымен бірге, мұндағы жылу жүйесі – 0,629, су жүйесі – 0,363, кәріз жүйесі – 0,194 және байланыс желісі – 1,627 шақырымды құрайды.


Жылу жүйесінде қызмет көрсету сапасы өскен
Шымкенттіктер цифрландырудың тиімділігін көруде


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×