Тұрғындар ауызсудан тапшылық көрмейді

Oinet.kz 15-06-2021 909

Screenshot_4.png

Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков қала әкімдігінің «Instagram»  парақшасында өткен тікелей эфирде тұрғындар сауалына жауап берді. 

Тікелей эфирде қаланы инженерлік инфрақұрылыммен қамту жұмыстарының барысын баяндады. Ағымдағы жылы қаланы  осы бағытта  қамтамасыз ету  бойынша 85 жобаға қаржы бөлініпті. 

Басқарма басшысының айтуынша, өткен  жылы 19 нысанның (17 елдімекенде) және екі магистралды суаққының құрылысы аяқталып, 34 мыңға жуық адам (12500 абонент) сапалы ауыз сумен қамтылды. 

2021 жылы үш магистралды суаққының және 9 елдімекендегі (Ынтымақ-2, Асар-2, Батыс, Тұран, Солтүстік Саяжай, Жаңаталап, Нұртас, Сәуле 276 орам, Ақтас шағынауданы) ауызсу нысандарының құрылыс жұмыстарын аяқтап, ауызсумен қамтамасыз ету көрсеткішін 98 %-ға жеткізу жоспарлануда.

– Қазіргі таңда қалада 81 елдімекеннің 18-і (559,5 мың адам) кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген.  19 нысанның құрылыс жұмыстары басталды. Биыл төрт елдімекеннің және бір магистралды кәріз коллек үш қосалқы стансаның және  жеті елдімекенде құрылыс жұмыстары аяқталады. 20 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылады, – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, қалада 81 елдімекеннің 40-ы табиғи газбен толық, 33 елдімекен жартылай қамтылған. Биыл тоғыз нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, ЖСҚ дайын төрт  жаңа жоба бойынша (Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Арғымақ) бюджеттен қаржыландыруға ұсынылды. Жыл соңында бес елдімекенде 11 мыңнан астам адам табиғи газға қол жеткізеді.

Басқарма басшысы Ынтымақ, Достық, Қайнарбұлақ, Шымсити шағынауданы тұрғындарының ауыз су, жарық және табиғи газ бойынша қойылған сауалдарына жауап берді. Жалпы тікелей эфирге 800-ден астам қала тұрғыны қосылды.


«Шымкент қаласының тарихы» кітабы жарық көрді
Мектептер мен балабақшаларға баратын жолдардың жарық болуы шарт
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу