Темірді кәдеге жаратқан зауыт

Oinet.kz 02-07-2021 1360

Screenshot_11.png

Шымкентте жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлер саны 69 352 бірлікті құрайды. Олармен шығарылған өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,4 млрд теңгеге асып отыр. Жалпы өңірлік өнімнің 34 пайызы осы кәсіпкерлердің үлесінде. Шаһарда кәсіпкерліктің қанат жаюына дем беріп отырған мемлекеттік бағдарламалар баршылық. Соның бірі Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы да қалада талай кәсіпорынның ашылуына түрткі болды.  Өңірлік өнімді өндіріп отырған кәсіпорынның бірі «FERRUM-VTOR» фабрикасы да осы бағдарламаның шарапатын көрген.

 «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорынның аумағы 10Га. Тарихына көз жүгіртсек, 2006 жылы іске қосылған.  Жылдық қуаттылығы 110 000 тонна. Бүгінде өндіріс ошағының жұмысы қарқынды.  Мұндағы техникалардың барлығы шетелден әкелінген. Бір қуанарлығы кәсіпорындағы шетелдік қондырғыларда жергілікті жастар еңбек етеді. Барлығы заманауи құрылығылардың тілін жетік меңгеріп алған. Қазір кәсіпорын 200 адамты тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

 «Зауытта қара металлдан шикізат өңдейміз. Өніміміз экспортқа да шығып жатыр, барынша сапалы өнім шығаруға атсалысып жатырмыз»,- дейді «FERRUM-VTOR» ЖШС зауытының  цех басшысы Еркебұлан Төлеуішов. 

Аталған өндіріс ошағында жарамсыз темір-терсекті өңдеп, одан блюмнің 3 түрін жасап, соңында арматура шығарады. Зауыт басшысы өндіріске қажетті темірлердің бір келісін  85-100 теңге аралығында қабылдайды.  Тауарға сұраныс көбінесе шет мемлекеттерден түседі. Оның ішінде Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан мен Қырғызстан елдері бар.

 «Зауыт жаңа инновациялық талаптар бойынша жабдықталған. Шығаратын өнім: блюм 100-100, 120-120, 150-150 шығарамыз»,- дейді зауыттың бас инженері Иманбек Төлеуішов. 

Бұл зауыттың өзге кәсіпорындардан ерекшелігі шикізатты өзі жасайды. Яғни  жарамсыз болып қалған темір-терсекті қайта өңдеп, кәдеге жаратады. Бұл өндірілген тауардың өзіндің құнның төмен болуына әсері бар, дейді мамандар.


Тауар интервенциясын жүргізу үшін 200 млн. теңге бөлінді
Қала әкімі «Сайманның» құралдарымен танысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу