Аудан әкімі тұрғындардың талап-тілегін тыңдады

Oinet.kz 15-07-2021 939

Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың кезекті іс-сапарын Қарабау ауыл округінде жалғастырды. Бұл туралы Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

2.jpg

Әкім алдымен Сынтас, Жұмысшы елді мекеніндегі көшелерін электрмен жабдықтау құрылысымен танысты. Содан соң Үшбұлақ елді мекеніндегі Есназаров көшесінің орта жөндеу жұмыстарын бақылады. Іс-сапар барысында ауыл ардагерлерімен кездесіп, онда бірқатар мәселелерді талқылап, атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды. Ауыл ақсақалдары ауданда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар мол екенін, осындай игілікті істер елді мекендерде де бар екенін жеткізіп, осы жұмыстар жалғасын тапса деген игі тілектерін жеткізді. 

Арман Абдуллаев сонымен бірге  жұмыс сапарымен Жаңабазар, Жігерген ауыл округтерінде болды. Алдымен, Жаңабазар ауылындағы 200 орынды «К.Әзірбаев» жалпы орта мектебінің құрылыс жұмыстарымен танысудан бастады. Содан соң Жаңабазар елді мекеніндегі Елшібек Батыр атындағы мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын аралап көрді. Жігерген елді мекеніндегі 200 орындық мәдениет үйінің құрылысы барысымен танысып, ауыл жұртшылығымен кездесті. Онда тұрғындар ауыл-аймақтардағы шешімін күткен әлеуметтік мәселелерді алға тартып, шешу жолдарын қарастыруды сұрады. Барлық мәселелерді мұқият тыңдаған аудан басшысы Арман Айдарұлы ауыл болашағы үшін жасалып жатқан жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді. Сонымен бірге аудандық маңызы бар Тесіктөбе-Қызылбұлақ автомобиль жолы мен Қызылбұлақ елді мекеніндегі Сауап көшесінің орта жөндеу жұмыстарымен танысты. Қызылбұлақ елді мекені тұрғындарының өтініші бойынша екі елдің арасын жалғайтын көпір мен ауыз су мәселесін ауыл тұрғындарының қатысумен талқылап, ауыз су бойынша аудан әкімінің орынбасары Т.Қалымбетовке шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. 

Майлыошақ Қызылордаға көмек жіберді
Ауыз сумен қамтуда 14 жоба іске асырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу