Сарыағаш бірінші орын алды

Oinet.kz 22-10-2021 863

24.jpg

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен Түркістан облысы бойынша аудан, қала «Жастар ресурстық орталықтары» КММ-нің қызметкерлері арасында кіші футболдан облыстық турнир өтті. Бұл туралы Сарыағаш аудандық жастар ресурстық орталығы хабарлады.  

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған турнирге 1 облыстық және 16 аудан, қалалық «Жастар ресурстық орталықтары» КММ-нің қызметкерлерінен құралған командалар қатысып, жеребе арқылы 2-ге бөлініп тартысты ойын көрсетті. 

Ақтық ойынды арнайы келіп тамашалаған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Жаңабайұлы турнир жеңімпаздарын құттықтап, марапаттарын табыстады. 

Тартысты кездесулерге толы болған турнир нәтижесінде Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығы бірінші орынды иеленді.

Айта кетейік, Жастар ресурстық орталықтары жастардың бастамаларын ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу мен қолдауды, жастар ортасындағы ахуалға мониторинг пен талдауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар болып табылады. Ресурстық орталықтардың қызметі жастардың әлеуметтік және жеке дамуына жәрдемдесуге және жастар ұйымдарының қызметін қолдауға бағытталған. Ресурстық орталықтар Жастар жобалары мен бағдарламаларын іске асыру, бейресми білім беру, бастамаларды қолдау және жастарға консультациялық қолдау көрсету және жастардың өзін-өзі дамуы үшін ашық кеңістік құру арқылы жастармен жұмыс жүргізеді.


Кеңесте атқарылар жұмыстар сараланды
Келесі жылы 25 мәдени нысан салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу