Таяқ жеген мұғалім оқиғасы: мектеп директоры қызметінен кетті, ал орынбасары айыппұл арқалады

Oinet.kz 25-02-2022 3479

Screenshot_2.png

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Шардара ауданы Т. Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі С. Жақыпованың әлеуметтік желіде жариялаған бейнеүндеуін қарады. 

Мұның алдында мектеп директорының орынбасары мен мұғалімнің арасында педагогикалық жүктемені мұғалімдер арасында бөлуге байланысты дау туындаған еді. Т. Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясының директоры М. Қаныбеков қызметінен босатылды. Директордың орынбасары Р. Мұсалиеваға қатысты 409-бап бойынша «Педагогке өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде құрмет көрсетпегені үшін» әкімшілік іс қозғалды.

 «Шардара аудандық соты директордың орынбасарына 30 АЕК көлемінде айыппұл төлеу туралы шешім шығарды. Қазіргі уақытта мектеп директорының орынбасарын қызметінен босату мәселесі сот тәртібімен қаралып жатыр» делінген департамент хабарламасында.

 Айта кетейік, мектептер заң жүзінде әкімдіктердің қарамағында. Білім басқармаларының басшыларын әкімдер тағайындайды. Ал өз кезегінде басқарма басшылары мектеп директорларын тағайындайды. Сондай-ақ қаржыландыру да әкімдіктер құзырында.


Түркістанда жайылымдарды қайтару және түгендеу жұмысы күшейтілді
Түркістан қызғалдағы туризмді дамытуға өз септігін тигізуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу