Сарыағашта инвесторлар мектеп салуға ден қоюда

Oinet.kz 07-06-2022 424

Screenshot_1.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұрпағымызға сапалы, халықаралық талаптарға сай білім беруге барынша көңіл бөлуде. Әсіресе білім беру мекемелері саналатын мектептердің жеткілікті, қолжетімді болуына айрықша назар аударып, Қазақстанда 2025 жылдың соңына дейін 1000 мектеп салуға тапсырма да берді. Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Президентіміз «Орта білім беру жүйесінің өткір проблемасы — мектептерде орын жетіспеушілігі болып отыр. 225 мың орын тапшы. Шұғыл шаралар қолданылмаса, 2025 жылға қарай ол миллион орынға жетуі мүмкін. Бұған дейін мен 2025 жылдың соңына дейін кемінде 800 мектеп салуға тапсырма берген едім. Бүгін 1000 мектепке дейін жеткізу міндетін қоямын», — деген болатын. Сондықтан дәл қазір елімізде білім беру мекемелерінің жеткілікті болуына, қолда бар мектептердің талапқа сай болуына айрықша мән берілуде. 

Түркістан облысында  халықтың миграциялық және демографиялық өсіміне байланысты жыл сайын  мектепке деген сұраныс та жоғарылап келеді. Мектеп тапшылығын шешу үшін  елімізде салынып жатқан мектептердің басым бөлігі Түркістан облысында бой көтеруде. Бір жылда 40-тан астам мектеп ел игілігіне беріліп жатыр. Осы орайда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Сарыағаш ауданында білім ошақтарының саны артып отыр. Әсіресе  азаматтар тойхананы қайта бейімдеп, мектепке айналдыруда. Яғни инвесторлар есебінен жеке меншік мектептер бой түзеп келеді. Солардың бірі  «HighSchool» of Saryagash»   жеке меншік мектебінде 2021-2022 оқу жылында 430 оқушы білім алып шықты. Мұнда ағылшын тілін тереңдетіп оқытады. Сонымен бірге әр түрлі үйірмелер де бар. Білікті ұстаздар қызмет етеді. Шетелден де мұғалім шақырылған.

Жан басына қаржыландыру тетігі - бұл инвесторлардың қатысуымен жекеменшік мектептер санының өсуіне әкеледі.  Жеке мектептер санын көбейту - бюджетке түсетін жүктемені төмендетуге, орын тапшылығын азайтуға, білім сапасын жақсартуға және педагог мәртебесін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Ал, бұл инвестор үшін тұтыну кепілдігі бар табысты әрі ұзақ мерзімді бизнес жоба болып табылады.

Айта кетейік, жалпы ауданда барлығы 80 мектеп бар. Оның 66-ы типтік, 14-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Ауданда 60 мыңдай оқушы білім алады.

Түркістан қызғалдағы туризмді дамытуға өз септігін тигізуде
Құлпынай өсіруге бейімделген аудан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу