Келестің қарбызы шетелге экспортталуда

Oinet.kz 10-06-2022 379

Screenshot_5.png

«Бес жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын, тиісінше, кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырамын». Бұл Президент пәрмені,  Жолдаудағы он басымдықтың бірі – экспорт әлеуетін арттыру. Яғни, Мемлекет басшысы отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарудың стратегилық жолын тауып, ілгерілетуді айрықша атады.

Осы ретте Келес ауданында қарбыз пісіп, еліміздің ірі қалаларына және шет мемлекеттерге экспортталуда. Аудан орталығынан шалғайда орналасқан Бозай ауылдық округіндегі «Әбіл» шаруақожалығы 40 гектар аумаққа қарбыз өнімін егіп, бүгінде жемісін көруде. Бүгінгі таңда шаруа Нұрлан Мұстаев 22 тонна өнімді өткізіп үлгерді. 

«Қыстың соңына қарай үй алдындағы жылыжайға қарбыздың дәнін егіп, көшет күйіне жеткіземіз. Көктемнің жайма-шуақ күндерінде Сыр бойындағы егіндік алқабымызға егіп, көктемнің соңғы күндеріне өнімді дайындап келудеміз. Қарбыз өнімі 3 айда дайын болады. Жер аумағымызды тұрақты бақылауда ұстауымыз үшін жергілікті 5 адамды жұмыспен қамтыдық» - дейді «Әбіл» шаруақожалығының төрағасы Нұрлан Сапарқұлұлы. 

Бұл шаруашылықпен кәсіпкер көп жылдан бері айналысып, өнім өндірудің қыр-сырын терең меңгеріп үлгерген.  Өңірімізде өндірілген өнім, еліміздің өзге облыс орталықтарына жөнелтілуде. 

Ет өнімдерін өндіретін зауыт іске қосылады
Ұшқынға интернет келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу