Шымкент: 72 мыңнан астам шымкенттік ауыз су жүйесіне қосылады

Oinet.kz 28-04-2023 141

Биыл Шымкент қаласын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешімін табады. Ол үшін биыл қаладағы 5 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүріп, жыл соңына дейін аяқталады.

IMG-20230428-WA0071.jpg

Нәтижесінде 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болмақ. Бұл туралы Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Арман Әбдіқалықов мәлімдеді.

Ауыз су құбыры тартылып жатқан елді мекендердің бірі – Қайнарбұлақ. Бұл жерде бүгінде ауыз су кесте бойынша сағаттап беріледі. Халықты ауыз сумен толық қамтамасыз етіп, тіршілік нәрінің тәулік бойы үздіксіз берілуі үшін  Шымкент қаласы әкімдігінің энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тапсырысымен жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, өткен 2022 жылы қаңтар айында мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған екен.

–Қайнарбұлақ елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 6,7 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде өткен жылы 2,9 миллиард теңге игерілген болса, биыл 3,8 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл қаржыға жалпы ұзындығы 329,8 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізіледі. Қазіргі таңда мердігер мекеме – «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысты қарқынды түрде жүргізіп жатыр. Бүгінге дейін 155 шақырым құбыр тартылып үлгерген. Яғни, жұмыстың шамамен 47 пайызы орындалды деген сөз. Биылғы жылдың төртінші тоқсанына қарай жұмысты толық аяқтау жоспарланған, – деді Арман Әбдімүтәліұлы. 

IMG-20230428-WA0057.jpg

Бүгінде Сайрам елді мекенін ауызсумен қамту бойынша құрылыстың 3-ші кезеңі бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Сонымен қатар, Қайнарбұлақ пен Құрсай елді мекендерінде ауызсу тарту жұмыстары жүріп жатыр. Ал, Еңбекші ауданына қарасты 9 елді мекеннің жаңа құрылыс аймақтарына ауыз су құбыры жүргізілмек.

Айта кетейік, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 72 мыңнан астам шымкенттік орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады. Бұл Шымкенттегі ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткішін 98,5 пайыздан жыл соңына дейін 100 пайызға жеткізу көзделіп отыр.   

«Шымкент келбеті»

Шымкенттік Нұрымжан Шойбеков «Бизнес бастау» жобасымен ерекше кәсіпті жүргізіп отыр
Шымкент: Жылу жүйесін жаңғырту басты назарда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу