Шымкент: Жылу жүйесін жаңғырту басты назарда

Oinet.kz 28-04-2023 162

Өткен қыста Екібастұз бен Риддер қалаларында орын алған апатқа байланысты бүкіл елімізде жылу жүйелерін жаңартуға баса назар аударылып отыр.

IMG-20230428-WA0054.jpg

Осыған орай Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының өкілдері жылу қазандықтарының жұмысымен таныстырды.

— Шымкент қаласы бойынша барлығы 824 шақырымға жуық жылу желілері құбыры бар. Оның 152 шақырым магистральдық жылу желісі болса, 672 шақырымға жуығы ішкі орам жылу желісі. Сонымен қатар, «Қуатжылуорталық-3» кәсіпорынның жылу желілерінде 23 бірлік қазандық пен 17 бірлік сорғы станциясы орналасқан. Өткен 2022 жылы Шымкент қаласында жылу жүйелерінің 50 учаскісінде ішкі орамдық ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді Бұл жылу желісінің тозуын 38,2 пайыздан 37,3 пайызға дейін төмендетуге, сондай-ақ, тұтынушыларға берілетін жылу энергиясының сапасын арттыруға мүмкіндік берді, – дейді Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары А.Әбдіқалықов. 

IMG-20230428-WA0051.jpg

Оның айтуынша, биыл Шымкент қаласында жылу жүйелерін жөндеу және жаңарту жұмыстары 4 нысан бойынша жалғасын табады. 

«Шымкент келбеті»

Шымкент: 72 мыңнан астам шымкенттік ауыз су жүйесіне қосылады
Шымкент: Биыл кәріз жүйесімен қамту 75 пайызға жетеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу