Шымкентте биыл 253 көше орташа жөндеуден өтеді

Oinet.kz 01-05-2023 149

Биыл Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 201,7 шақырымды құрайтын 253 көше орташа жөндеуден өтеді. Олардың  21-і магистралды көшелер. Сонымен қатар жыл соңына дейін 140,6 шақырым жолда құрылыс және қайта құру жұмыстары жүргізіледі.

Screenshot_1.jpg

Осылайша қаладағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 71,2 пайызға жеткізу жоспарлануда. 

Қаладағы көлік кептелісін азайту мақсатында ірі құрылыс жобалары жүзеге асырылуда.  Биыл Д.Қонаев даңғылы жалғасының 2-ші және 5-ші кезеңдері, А-2 айналма жолының 2-ші және 4-ші кезеңдері, Өтегенов көшесінің жалғасы,  Адырбеков көшесін қайта құру және  Бәйдібек би-Арғынбеков көшелері қиылысындағы жолайрық құрылысы аяқталады.

Жалпы, бүгінде мегаполис аумағына кіретін жолдардың ұзындығы 3 247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде 2 066,1 шақырымы асфальттелген,  қалғаны шағал тас төселген жолдар. 

Қаланың кешенді даму жоспарына сәйкес, 2023-2025 жылдар аралығында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Screenshot_2.jpg

Screenshot_3.jpg

Screenshot_4.jpg

Screenshot_5.jpg

Screenshot_6.jpg

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Ассамблея мүшелері мереке қарсаңында ағаш көшеттерін отырғызды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу