Қаратау ауданында жәрмеңке өтуде

Oinet.kz 18-05-2023 135

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақты ұстап отыру үшін апта сайын шаһарға қарасты аудандарда жәрмеңке өткізілуде. Осы орайда Қаратау ауданыны аумағында апта сайын тұрақты түрде 5 орында жәрмеңкелер ұйымдастырылып келеді. 

Screenshot_50.jpg

Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкемановтың айтуынша, онда ұн, жұмыртқа, ет, шұжық, сүт өнімдері мен күнбағыс майы секілді күнделікті тұрмысқа ең қажетті өнімдер нарықтан 15 пайызға арзан бағамен өткерілуде екен. Оның үстіне аудан тұрғындары үйіне жақын жерде өтетін жәрмеңкеге,  әрі бағасы да қолжетімді болғандықтан азық-түлігін осы жерден алғанды жөн көреді екен. 

- Бүгінгі таңда азық-түлік бағасының нарық бағамына көнбей бара жатқаны белгілі. Бағамен күрес іс-шаралары ауданда тұрақты жүргізіліп отыр. Президентіміз Жолдауында ауыл шаруашылығы өнеркәсіп өнімін арттыру, баға саясатын ұстану туралы тапсырмасына сәйкес, қалада бағаны тұрақтандыру жұмыстары атқарылып жатыр. Халық жиі қолданатын тауарлардың бағасын, арнайы шектеулі бағадан асырмауларын талап етуде. Шындап келгенде жәрмеңкенің жиі өткізілуі тауар өндірушіге де,  тұтынушыға да тиімді. Біріншіден, тұтынушы қажет өнімін арадағы делдалсыз қолжетімді бағада ала алады. Екіншіден, шаруа өз өнімін сатылымға шығарып, нарықтағы бағаны тұрақтандыруға үлес қосады. Осы жағынан келгенде жәрмеңкенің аудан орталықтары мен Тараз қаласында жиі ұйымдастыру арқылы баға саясатына азда болса ықпал ете аламыз, - дейді Рахымберді Мүлкеманов.

«Жәрмеңкенің жиі өткізілгені қала тұрғындары үшін тиімді. Мұнда шаһар жұртшылығы қажетті азық-түлігін дүкен мен сауда орталықтарына қарағанда нарық бағамынан 10-20 пайызға төмен бағада алуларына мүмкіндігі бар». Президент бастамасымен дүниеге келген «Алқаптан сөреге» жобасының да мақсаты осы болатын, яғни ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынушысына арадағы делдалсыз өз бағасында жеткізу Қазір азық-түлік бағасы шарықтап кетті. Біз сияқты зейнеткерлер үшін жәрмеңкенің көмегі зор. Өйткені, біз мұнда сүтті, айранды шаруаның өз қолынан арзанға аламыз. Жұмыртқа мен етті де сауда нүктелерінен арзан ала аламыз. Қаламызда мұндай жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылып тұрғаны біз үшін тиімді», - дейді қала тұрғыны Мұрат Әбиев.  

– Қаратау ауданының аумағында бүгінде 494 көпқабатты тұрғын үй бар. Олар 155 аулаға біріктірілген. Қолданыста 128 ойын алаңшасы мен 70 спорт алаңшасы бар. Өткен 2022 жылы ауданымызда 41 аула абаттандырылып, 10 спорт алаңшасы салынды. Бұл жұмыс биыл да жалғасып жатыр. Биылғы жылы 34 ауланы абаттандырып, онда 7 спорт алаңшасы салуға 1 миллиард 460 миллион теңге бөлінді, - деді Р.Мүлкеманов. 

Қаратау ауданында басқа да бағыттар бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, биыл жалпы ұзындығы 50 шақырымды құрайтын 70 көше орташа жөндеуден өтіп, асфальт төселсе, жалпы ұзындығы 33 шақырымды құрайтын 41 ішкі орамдық көшелерге шағал тас төселмек. 

Шымкент қаласында кәсіпкерлер бизнес идеяларымен бөлісті
Шымкент қаласының әкімі Тұран ауданының тұрғындарымен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу