Ақтөбеліктер Шымқаланы аралады

Oinet.kz 15-09-2023 363

image.png

Адамдар бұрындары туризм саласына тек саяхат, қыдыру деп қана қараса, қазіргі уақытта экономиканы дамытудың басты драйвы ретінде танып-біледі. Себебі, турист келгенде елге онымен бірге ақша келеді, кәсіп дамиды. Сондықтан да мемлекет бұл салаға салғырт қарамайды. Еліміздің көрікті қаласының бірі Шымкент республикадағы  туристік орталықтардың бірі. Шымқалада соңғы жылдары туризм саласы айтарлықтай дамып, көптеген қонақтарды қабылдауда. Мәселен жақында Ақтөбе қаласының қонақтарын қабылдап алды.  

Нақтырақ айтқанда «Visit Aktobe» еліміздің 3 қаласына ақпараттық турға шықты. Мұндағы мақсат – Ақтөбе өңірінің ішкі туризмін, туристік брендін дамыту, туристік нысандарды насихаттау.

 Ақпараттық тур делегаттарының қатарында Ақтөбе өңірінде танымал туристік орындар, мейрамханалар мен қонақ үйлердің өкілдері, қолөнер шеберлері, ұлттық киімдер тігумен айналысатын дизайнерлер, журналистер, туроператорлар бар.  Жалпы саны – 9 адам.

Алдымен ақпараттық тур қатысушылары Шымкент қаласында аялдап, өңір тұрғындарына Ақтөбе облысының туристік әлеуетін таныстырды. Shymkent Grand Hotel отелінің конференц залында өткен конференция барысында «Ақтөбеде жасалған өнімдер» шымкенттіктерге ұсынылды. Шоколадтағы жент, маралдың қанынан жасалған дәрі олардың таңдайын қақтырды.

Ақтөбе өңіріндегі киелі жерлер, туристік орындар жайлы кеңірек мағлұмат алған Шымкент тұрғындары қолөнер шеберлері мен дизайнерлердің қолдарынан шыққан туындыларға қызығушылық білдірді.

Ақпараттық тур Өскемен және Қостанай қаласында жалғасын табады.  

Айта кетейік, Шымкентте туристерге жоғары деңгейде қызмет көрсету үшін Visit-Shymkent.kz туристік порталы мен мобильдік қосымшасы іске қосылған. Портал  аз ғана уақыт ішінде қала қонақтарының бағдарына айналып үлгерді. Портал арқылы қала аумағында болып жатқан мерекелік іс-шараларға, тарихи-мәдени нысандарға, театр қойылымдарына билет ала алады. Портал қолөнершілердің бұйымдарына тапсырыс беруге, қалаға ұшып келетін рейстер таблосын көруге, ұшақ және темір жол билеттерін сатып алуға, гид-экскурсоводтардың қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.  Шымкент атына заты сай жасыл желектің, қызғалдақтың мекені болғандықтан, қызғалдақты бейнелейтін төсбелгілер шығарылуда. Сондаақ  «Бәйдібек би» монументі бейнеленген статуеткалар сұранысқа ие. 

Жыл басынан бері қалаға 22 мыңнан астам шетелдік турист келген
«Аңсаған сәби» бағдарламасы 141 отбасыға қуаныш сыйлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу