«Аңсаған сәби» бағдарламасы 141 отбасыға қуаныш сыйлады

Oinet.kz 16-09-2023 323

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы жолдауында «Аңсаған сәби» бағдарламасын бастап, экстракорпоралдық ұрықтандыруға квота санын жеті есеге көбейтіп, 7 мыңға жеткізуді тапсырған болатын. Содан бері міне, елімізде қаншама отбасы балалы болып, бақытқа кенелуде. 

Биыл Шымкентте «Аңсаған сәби» бойынша 429 квота бөлінген. Оның 50-і Алматыға аударылған. Себебі онда кезегін күткен аналар көп, ал квота шектеулі.  Жыл басынан бері 322 анаға жасанды ұрықтандыруға жолдама берілді. Ал былтыр эконың көмегіне жүгінген 215 ананың 141 әйел балалы болған. 

Статистикалық мәліметтер бойынша Шымкентте 1000-ға жуық жұп бала сүйе алмай жүр. Оның 340-ы ЭКҰ жасату үшін мемлекеттік квота алуға кезекке тұрған. Оның 322-сіне жолдама берілді. Қазір 40 әйел жүкті болса, ал 60 процедура нәтижесіз болған. Мамандар ана болуды армандаған әйелдер 42 жасқа дейін жасанды ұрықтандыру процесіне жүгіне алатынын айтады.

«Ең бірінші әйелдің гармонына қараймыз, жасына қараймыз. Бедеуліктің факторына да қараймыз. Осы 3 фактор бойынша жұмыс жасаймыз. Бізде Шымкентте 3 клиника бар. Олар Экомед, Клиника доктора Тарарака, ИРМ. Көбіне осы 3 клиникамен байланыста жұмыс істейміз”,- дейді репродуктолог Ақмарал Нұржанова. 

Айта кетейік, бағдарлама бедеулік диагнозы қойылған пациенттерге арналған. Оған отбасылық жұптар да, жеке адамдар да қатыса алады. Қазақстанның азаматы болуға тиіс және денсаулық сақтау министрлігі белгілеген медициналық талаптарға сәйкес келуі керек. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысатын адам міндетті түрде ерікті түрде жазбаша келісім береді.

Бағдарлама аясында ЭКО-ға жолдама алу үшін алдымен тіркелген жері бойынша емханаға бару міндетті. Сол жерде үміткерді бедеулігі бар диспансерлік пациенттердің электрондық тізіміне қосады. Одан кейін тексерістен өтеді.

12 айдың ішінде емхана бейінді маманның қорытындысы негізінде пациенттің құжаттарын жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі жергілікті комиссияға жібереді. Комиссия оң шешім шығарған жағдайда әйелді «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына тіркеп, емшараға дайындық басталады.

Пациент экстракорпоралды ұрықтандыру клиникасын өзі таңдайды.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасы жылына бір рет тегін жасалады.

Ақтөбеліктер Шымқаланы аралады
Медициналық нысандар көбейіп келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу