«Шымкенттегі «Шымкент цирктің» Соло-жонглёрі Санжар Анарбеков Алматыда ел намысын қорғауда

Oinet.kz 01-08-2025 4

Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы сайтында жазылғандай, биыл Қазақ мемлекеттік циркі өзінің 55 жылдық мерейтойын атап өтуде. 

Screenshot_18.jpg

Осы атаулы датаға орай, 23-27 шілде аралығында Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік циркінің ұйымдастыруымен III Халықаралық цирк өнері фестивалі ұйымдастырылып отыр. Ол фестивальде Шымкент циркінен Соло-жонглёр Санжар Анарбеков өз өнерін паш етіп, көпшілікке шеберлігін танытуда. Ал Шымкент циркінің директоры Нұрлан Ыдырысұлы осы фестивальде әдлқазылар алқаның құрамында үздіктерді анықтауға атсалысуда.

– Біздің цирк бүгінде жануарсыз қойылым қою бағытына көшті. Бұл – халықаралық тәжірибеге сай келетін, гуманистік жүйеге негізделген шешім. Біз бұл бағытты «театрландырылған цирк» деп атаймыз. Қазіргі сахналық қойылымдар арқылы көрерменге жаңа эстетикалық тәжірибе ұсына аламыз. Мысалы, биыл «Наурыз–думан» атты бағдарлама дайындадық. Онда қазақтың жеті салт-дәстүрі – бесікке салу, тұсаукесер, беташар секілді ұлттық ғұрыптарды жеті минуттық цирктік көріністер арқылы көрерменге жеткіздік. Барлығы әнмен сүйемелденіп, сахналық шешіммен көркемделді. Бұл – әртістердің жоғары кәсіби деңгейін айқындайтын дәлел,  – дейді ол.

Жалпы, цирк саласында сегіз негізгі бағыт бар: акробатика, гимнастика, шабандоздық, жонглерлік, эквилибристика, иллюзия, клоунада және дрессура. Шымкент-Цирк осы сегіз жанрдың барлығын дерлік қамтып отыр. Соның ішінде шабандоздық пен клоунада жақсы дамыған. Айталық, клоун Ержан Таңатов – ерекше талант иесі. Ол шымкенттік балалардың мінезін, күлкісін, реакциясын жақсы біледі. Клоунада – цирктегі ең қымбат жанрлардың бірі. Себебі, ол көрерменнің көңілін көтеріп қана қоймай, сахна сыртындағы дайындықтарға уақыт береді. Яғни, әр нөмір арасындағы байланысты ұстап тұрады. 

Сонымен биыл Алматы қаласында ұйымдастырылған III Халықаралық цирк өнері фестивалінің басты ерекшелігі – қазақ цирк өнерінің қалыптасуына сүбелі үлес қосқан цирк ардагерлерін арнайы шақырып, оларға құрмет пен ілтипат білдіруі. Бұл – өткенге тағзым мен өнерге адалдықтың айғағы. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған бұл өнер мерекесіне әлемнің 15 елінен – Моңғолия, Бельгия, Аргентина, Қытай, Украина, Өзбекстан, Израиль, Қазақстан, Ресей және өзге де мемлекеттерден келген өнер шеберлері қатысуда. Фестивальдің көркемдік деңгейін халықаралық дәрежедегі кәсіби цирк мамандарынан құралған әділқазылар алқасы бағамдайды. Солардың қатарында 14 жылдық тәжірибесі бар Шымкент циркінің директоры Нұрлан Ыдырысұлы осы алқаның құрамында үздіктерді анықтауға атсалысуда. Ал оған қатысып жатқан Санжар Анарбеков Шымкент-Цирктің атынан қатысып, Шымкент қаласын ғана емес, 15 мемлекет ортасында Қазақ елінің намысын қорғауда. 

Шымкент қаласы тұрғындары цифрлық заң қызметін онлайн түрде алу мүмкіндігіне ие
Шымкент қаласында биыл 17 жаңа субұрқақ іске қосылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу