Шымкент қаласы тұрғындары цифрлық заң қызметін онлайн түрде алу мүмкіндігіне ие

Oinet.kz 01-08-2025 3

Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы сайтында жазылғандай, Әділет департаментінің бастамалары құқықтық қызметтерді цифрлық кеңістікке көшірді. 

Screenshot_17.jpg

Бұл ең алдымен шымкенттіктердің құқықтық қолжетімділігін арттырып, құқықтық мәдениетті жаңа деңгейге көтеріп отыр.

Әділет департаменті өкілдерінің мәлімдеуінше, бүгінгі күні қала тұрғындары құқықтық көмекті оңай ала алады. Яғни бұрынғыдай департаментке келіп, кезек күтіп, уақыт жоғалтпайды, барлығы цифрландырылған. Атап айтсақ, Әділет департаментінің бастамасымен енгізілген бірқатар цифрлық шешімдер азаматтардың құқықтық сауатын арттырып, заңдық дауларды жылдам шешуге ықпал етуде.

«Бүгінгі күні Шымкент қаласында заңгерлік қызметтің жаңа дәуірі басталды. Бұл Президентіміз тапсырған цифрландырудың аясында мүмкін болуда. Көптеген құжаттар, кеңес алу осы жүйе арқылы іске асырылуда. Мәселен, «Е-заң көмегі» мобильді қосымшасы мен чат-боттар арқылы халық тәулігіне 24 сағат бойы кеңес алып жүр. Бұл сервистер «E-gov» платформасында және «adilet.zan.kz» сайтында қолжетімді. Жыл басынан бері 5 мыңнан астам адам осы мүмкіндікті пайдаланып үлгерді», – дейді департамент мамандары. 

Сондай-ақ, Әділет департаменті өкілдерінің айтуынша, Шымкент қаласында электронды апостиль жүйесі де кеңінен қолданылуда. АХАТ, нотариус және мемлекеттік органдар құжаттарына апостиль қою енді «Egov» арқылы оңай рәсімделеді. Бұл жаңашылдық, әсіресе, шетелге құжат жіберетіндер үшін тиімді болуда. Айта кетерлік тағы бір жаңалық – «географиялық нұсқама» ұғымының енгізілуі. Шымкент кәсіпкерлері бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланып, «Сайрам Нан», «Тассай ет», «Шымкент макарон» сынды брендтерді заңмен қорғауға алды. Бұл олардың өнімін нарықта танымал етіп қана қоймай, мемлекеттік қолдауға жол ашады.

Бұдан бөлек, зияткерлік меншік құқығын қорғау бағытында жүргізілген тексерулер нәтижесінде жалған өнімдерге қатысты 14 іс қозғалып, 1,6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Заңсыз айналымнан 30 мыңнан аса контрафактілік тауар тәркіленген.

Тағы бір маңызды жаңалық, цифрландыру нотариат саласында да жақсы жолға қойылып келеді. Яғни, соңғы жылдары цифрландыру бұл салаға да соны серпін бергені анық. Заңгерлердің өздері де Нотариат саласында да цифрландырумен бірге тың өзгерістердің белең алғанын айтуда. Осы жүйенің нәтижесінде Шымкенттегі 328 нотариус жарты жылдың ішінде 390 мыңнан астам қызмет көрсетсе, соның 15 мыңнан астамы онлайн форматта жүзеге асырылған. Бұрын жиі сынға ұшыраған атқару жазбалары да қазір автоматты түрде борышкерге SMS арқылы жеткізіліп, азаматтар қарсылығын онлайн түрде жолдай алады. Бұл қағазбастылықты қысқартып, уақытты үнемдейді.

Шымкент қаласында сот шешімін елемей алимент төлемеген 29 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды
«Шымкенттегі «Шымкент цирктің» Соло-жонглёрі Санжар Анарбеков Алматыда ел намысын қорғауда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу