Шымкентте кәсіпкерлер палатасы бірнеше жиын ұйымдастырып, кәсіпкерлерге бағыт-бағдар берді
Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы сайтында жазылғандай, Шымкент қаласында кәсіпкерлерге көкөністер мен жеміс-жидекке қатысты қауіпсіздік жайы түсіндірілді.
Қала кәсіпкерлерінің қатысуымен кәсіпкерлер палатасында сауда және қызмет көрсету, денсаулық сақтау салалық кеңестерінің бірлескен отырысында көкөністер мен бақша өнімдеріне қатысты қауіпсіздік жайы сөз болды.
Жиында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов және тамақтану нысандарын бақылау бөлімінің басшысы Әсемгүл Дәулетова жаз мезгіліндеі көкөністер мен жеміс-жидек, бақша өнімдеріне қатысты қауіпсіздік туралы ақпарат берді.
Тамақ өнімдерінен уланудың алдын алу мақсатында базар әкімшіліктерінің және көкөністер, жеміс-жидектер мен бақша өнімдерінің құрамын анықтайтын зертхана өкілдеріне «Тамақтан улану мен ботулизм жағдайларының алдын алу», «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» және қолданыстағы тағы да басқа нормативтік-құқықтықтық акті талаптарының сақталуы бойынша түсіндірілді. Әсіресе, қарбыз-қауын секілді бақша өнімдерінің тұтынушылар үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары пысықталды.
Сондай-ақ кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы өңдеу өнеркәсібі, туризм және креативті индустрия салалық кеңестерінің де отырысы ұйымдастырылып, кәсіпкерлерге банк талаптары түсіндірілді. Ол бас қосуда «Отбасы банкі» акционерлік қоғамы Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев және банк қызметкерлері қатысып, кәсіпкерлерге өз талаптарын түсіндіріп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Жиында банк өкілдері кәсіпкерлерге Мемлекет басшысы жариялаған 2025 – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қызметкерлердің үй жағдайын жақсарту мақсатында «Отбасы банкі» акционерлік қоғамы жүйесіндегі корпоративтік, өңірлік, ипотекалық, арендалық бағдарламалар туралы кеңінен айтып берді.
Дәл осындай форматта Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында жеңіл өнеркәсіп, өңдеу өнеркәсібі, АӨК және тағам өнеркәсібі салалық кеңестерінің бірлескен отырысы да өткізілген болатын. Ол жиынға кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының өкілі Нұрлан Құлбатыров, кәсіпкерлер қатысты. «QazTrade» АҚ 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Компания өкілі экспортқа өнім шығаратын компанияларға берілетін кеңестер, құжат рәсімдеуге көмектесу және басқа да көрсетілетін қызметтер туралы айтып берді.
«QazTrade» сыртқы нарықтарға талдау жүргізеді, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілетуге көмектеседі, отандық экспорттаушыларға олардың сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсетеді.
Жоғарыда кәсіпкерлер палатасы тарапынан ұйымдастырылған жиындарға қатысқан кәсіпкерлер тақырып аясында сұрақтарын қойып, мамандардың жауаптарын алды.