Шымкентте 9 мың тұрғыны бар 1408 үй орталықтандырылған газ жүйесіне қосылды

Oinet.kz 17-08-2025 10

Шымкент қаласыдағы Қарабастау шағын ауданындағы 1408 үй орталықтандырылған газ жүйесіне қосылды. Аудан тұрғындарының қуанышына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков те ортақтасты. 

Screenshot_19.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалылық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру» деп, алдағы бағытымызды айқындап берген болатын. Яғни, жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтарының бірі – халықтың жайлылығын қамтамасыз ету. Соның бірі осы, яғни халықты кедергісіз көгілдір отынмен қамту. Жалпы елімізде газ өндіру тәуелсіздік жылдарында 8-ден 52 миллиард текшеметрге дейін артты. Президентіміз өзінің халыққа арнаған Жолдауларында бұл іс әрі қарайда өсе түсетіндігін алға тартып отыр. Қазіргі таңда Шымкент қаласында қала тұрғындарының көгілдір отынмен қамтамасыз етілуі оң шешімін тауып келеді. Мәселен, осы уақытқа дейін 9 мыңға жуық адам тұратын шағынаудан орталықтандырылған газбен толық қамтылмаған еді. Жауаптылар мен мердігер ұйымдардың бірлескен әрекеттерінің арқасында ауқымды жоба биыл сәтті аяқталып отырған жайы бар. 

– Газдандыру – бұл жүйеге қосылу ғана емес, шағын ауданның өмір сүру сапасын жақсартуға және орнықты дамуында маңызды қадам. Газға қосылу тұрмыстық жағдайды едәуір жақсартады және қатты отынды пайдалануды азайтады, бұл экологиялық жағдайға да оң әсер етеді. Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Ұлттық құрылтайдың отырысындағы тапсырмасы бойынша өткен жылы елімізде 1700 шақырымнан астам газ құбыры салынып, 300 мыңнан астам азамат көгілдір отынға қол жеткізді. Елді мекендерді газдандыру халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, экологияның ластануын төмендетеді, баламалы отын сатып алуға кететін қаражатты үнемдейді және өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттырады. Президент тапсырмасымен биыл Шымкент қаласындағы Қарабастау шағын ауданындағы газ жүйесі іске қосылып отыр. Жобаны жүзеге асыру 1408 үйді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, бұл жергілікті тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға тікелей әсер етеді, – деп атап өтті өз сөзінде қала әкімі.

Жалпы, газдандыру жұмыстарын Шымкент қаласындағы мердігерлікке берілген мекемелер кезең-кезеңімен жүзеге асырып, Президент тапсырғандай 2025 жылға дейін толық аяқтау жоспарлануда. Бұл бағыттағы құрылыс жұмыстары қала басшылығының тұрақты бақылауына алынған. Ал табиғи газ жеткізілген абоненттерді одан ары көгілдір отынмен қамтылуы газ шаруашылығы мекемесінің міндетіне алынған. Қзіргі таңда шағын аудан тұрғындарына қызмет көрсету сапасын, сенімділігін, тиімділігін ескере отырып, газды тасымалдау және өткізу бойынша қызметтер көрсетілуде. 




Жаңа іске қосылған мобильді зертхана жүйелері 60 метрге дейінгі қашықтықта метан газын дәл анықтайды
Әл-Фараби ауданында ауқымды тазалық іс-шарасы ұйымшылдықпен өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу