«Құндақтау» рәсімін әжелер атқарған

Oinet.kz 20-10-2025 48

Бала құндақтау дәстүрі — қазақ халқының ежелден келе жатқан, сәбиді алғаш дүниеге келген күннен бастап күтіп-бағуға байланысты қалыптасқан ұлттық ғұрпының бірі. Дәстүрі 

Screenshot_13.jpg

мен ғұрпын сақтаған Шымқалада бұл дәстүр ұмытылған жоқ. «Сәби дүниеге келген күннен бастап жарық өмірге бейімдеуде бірінші аналар баланы құндақтайды», -  дейді Шымкент қалалық салт-дәстүр және әдеп-ғұрып орталығының ғылыми қызметкер Т.Әбилязқызы.

– Аналарымыз сәбиі өмірге келгеннен 2 айға дейін құндақтап өсірген. Мұның баланың денсаулығына, жан дүниесіне тигізетін пайдасы көп. Мәселен, жылы, жұмсақ етіп орау арқылы сәби терең әрі тыныш ұйықтайды. Құндақтау арқылы сәби қорғаныста, ата-анасының мейірімін сезініп өседі. Екіншіден, ананың денсаулығына пайдалылығы ескерілген. Жерік кезінде ананың жеген асы, көңіл күйі, босанғаннан кейінгі күтім – барлығы әйелдің денсаулығына әсер ететінін халқымыз терең түсінген, - дейді Т.Әбилязқызы.

Құндақтау кезінде жөргек, жаялық, жастық, көрпе – сәбидің таза, жылы жатуы үшін пайдаланған.

–– Құндақтау рәсімін көбінесе тәжірибелі әжелер немесе аналар атқарған. Олар сәбидің денсаулығына, ыңғайлы жатуына және тыныштығына ерекше мән берген. Жас аналарға үлкендер құндақтаудың қыр-сырын, әр қадамында нені ескеру керектігін үйретіп отырған. Бұл — ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан тәрбие мектебі деуге болады. Бүгінде кей өңірлерде бұл дәстүр өз жалғасын тауып, сәбиге деген ерекше ықылас пен қамқорлықтың символы ретінде сақталып отыр, - деп дәстүрдің бүгініне тоқталды.

Қазақ халқында сәби дүниеге келген сәттен бастап, есейіп, ес тоқтатқанға дейін түрлі салт-дәстүрлер мен ғұрыптар орындалады. Бұл дәстүрлердің түпкі мақсаты — баланың амандығы мен болашағын қамтамасыз ету, оны жаман көзден, тіл-көзден, түрлі қауіп-қатерден сақтау. Сонымен қатар, әрбір салтта баланың өміріне оң ықпал ететін тілек, баталармен қатар, тәрбиелік мәні зор ұғымдар қамтылады. Осы арқылы қазақ халқы ұрпағының дені сау, ақылды, иманды, ізетті болып өсуіне жол ашқан. Бала туғаннан кейінгі 40-шы күні орындалатын ең маңызды ғұрыпты әрбір ата-ана баласына жасауды ұмытапған. Ол күні сәбидің тырнағы мен шашын алғаш рет алған.Баланы 40 қасық суға шомылдырған. Бұл суға күміс заттар салып, сәбидің таза, бай және күшті болып өсуін тілеген.  Міне, осылай, 40 қасық суды «қырқынан шықтың, қадам бастың» деген тілекпен төгіп, баланы жаңа өмірге дайындайды. Бір қызығы 12 қыркүйек – Халықаралық баланы құндақтау (sling) күні болып бекітілген екен. Бұл күні арнайы шарфтың көмегімен баланы алып жүру тәсілі, бала анасының қасында жүреді, бірақ анасының екі қолы бос болады. Арба алуға мүмкіндік болмаған жағдайда белсенді ата-аналар үшін өте ыңғайлы. 

Ұлттың байырғы таным-түсінігін ұмытпаңыз
«Бес тас» ойынының тәрбиелік мәні қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу