Заң үстемдігі мен қалалық тәртіп: Шымкентте рұқсатсыз құрылыстарға тосқауыл қойылуда

Oinet.kz 29-10-2025 21

Шымкент қаласында урбанистикалық тәртіп орнату – мегаполистің тұрақты дамуы мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. 

Screenshot_1.jpg

Соңғы жылдары қала басшылығы заңсыз салынған нысандарды анықтап, оларды сүру және жер телімдерін коммуналдық меншікке қайтару бағытында жүйелі жұмыстарды қолға алды.

Қалалық орта сапасы мен бақылау басқармасының мәліметінше, 2024 жылы сот шешімімен бес нысан сүрілсе, биыл тағы он ғимаратты сүру жоспарланып отыр. Бұлардың қатарында тек ұсақ құрылымдар емес, үш қабатты сауда орталықтары мен ірі коммерциялық нысандар да бар. Мысалы, былтыр Байтереков көшесіндегі «КРОК» сауда орталығы мен «Глобал» кафесі заң бұзушылықтар негізінде бұзылды.

Мұндай шаралар қала құрылысын реттеудің, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудің бір тетігіне айналды. Әсіресе, парктер мен қоғамдық кеңістіктердің заңсыз иеленілуіне қарсы күрес ерекше назарда. Мәселен, «Қиял әлемі» саябағындағы 4 гектар жер телімі коммуналдық меншікке қайтарылып, заңсыз салынған аттракциондар сот шешімімен бұзылуда. Бұл – қала тұрғындарына арналған демалыс аймақтарын қайта халық игілігіне беру жолындағы маңызды қадам.

Сол сияқты «Кен-баба» және «Абай» саябақтарындағы жеке кәсіпкерлер иелігіндегі заңсыз нысандар да сот шешімімен сүріледі. Бұл бастама тек тәртіп орнату емес, экологиялық және әлеуметтік кеңістіктерді қалпына келтірудің көрінісі.

Мұндай қатаң шаралар инвесторлар мен құрылыс компанияларына да айқын сигнал береді: қалада заңнан жоғары ешкім тұрмайды. Бұл – Шымкенттің урбанистикалық мәдениетінің жаңа кезеңі, әлеуметтік әділеттілік пен құқықтық тәртіпті орнатудың нақты көрінісі.

Айта кетейік, қазіргі таңда урбанизация үдерісі қарқынды жүріп жатқан кезеңде мегаполистердің аумағында құрылыс жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Алайда заңсыз, рұқсатсыз тұрғызылған нысандар — қала дамуының ең өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Мұндай құрылыстардың көбеюі тек қала келбетіне нұқсан келтіріп қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сапасына да тікелей әсер етеді. Сондықтан рұқсатсыз құрылыстарға қатаң тыйым салу – өркениетті қоғамның дамуы мен тұрақты қала өмірінің маңызды алғышарты.

Ең алдымен, рұқсатсыз салынған ғимараттар қаланың бас жоспарымен үйлеспейді. Бұл жолдар мен инженерлік желілердің дұрыс жоспарланбауына, көлік қозғалысының қиындауына және инфрақұрылымдық теңсіздікке алып келеді. Яғни, заңсыз нысандар қала кеңістігінің логикасын бұзады, тұрғындардың күнделікті өмірін ыңғайсыз етеді.

Қазақстан мен әлемнің жетекші университеттері стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Қауіпсіздік пен сапа – басты назарда: Шымкенттегі тұрғын үй және инженерлік жүйелер жаңаруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу