Шымкентте қалалық орта сапасы күшейді: 10 айдағы басым бағыттар мен нәтижелер

Oinet.kz 17-11-2025 3

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы 2025 жылдың 10 айында сәулет-құрылыс бақылауы, лицензиялау, тұрғын үй және газ-техникалық инспекция бағыттары бойынша бірқатар жұмыстарды атқарды.

Screenshot_21.jpg

Басқарманың міндеті – құрылыс саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету, қауіпсіздікті күшейту және қала infraқұрылымының сапасын бақылау.

2025 жылдың қаңтар–қазан айларында құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы 1823 хабарлама түсіп, оның 1195-і тіркелді, 628-іне бас тартылды.

Объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін салыстыру бойынша 1442 өтініш қаралып, оның 543-і мақұлданды, 899-ы бойынша бас тарту шешімі шықты.

Биыл 10 айда құрылыс саласында жұмыс істеуге қатысты 429 өтініш түсіп, оның, 40-ы – жаңа лицензия, 172-сі – қайта рәсімдеу, 53-і – бас тарту, 164 – кері қайтарылған.

Сонымен қатар, сарапшылық және инжинирингтік қызмет көрсету үшін 164 маманға аттестат берілді.

Жыл басынан бері 165 құрылыс нысаны бойынша 392 әкімшілік хаттама толтырылып, 92 891 392 теңге айыппұл салынды. Оның 74,5 млн теңгесі өндірілді.

Заңсыз құрылыстар – 118 нысан, 345 хаттама, 65,4 млн теңге айыппұл,

оның 53,9 млн теңгесі өндірілді.

Аудандар бойынша негізгі көрсеткіштер:

Абай ауданы: 96 хаттама, 18,7 млн тг айыппұл

Әл-Фараби ауданы: 83 хаттама, 16,5 млн тг

Еңбекші ауданы: 55 хаттама, 9,1 млн тг

Қаратау ауданы: 20 хаттама, 4,8 млн тг

Тұран ауданы: 91 хаттама, 16,1 млн тг

Құрылыс сапасы бойынша – 33 нысанға 33 хаттама, 19,8 млн теңге айыппұл.

Үлестік қатысу талаптарын бұзған 14 тұрғын үй кешені бойынша хаттамалар сотқа жолданып, 7,6 млн теңге айыппұл толық өндірілді.

Басқарма 2025 жылы заңсыз құрылыс нысандарына қатысты 23 талап арыз жолдады.

Оның, 12-сі қанағаттандырылды, 4 талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды, 7 іс қаралуда.

Сот шешімімен бірқатар заңсыз объектілер фактілі түрде бұзылды. Атап айтқанда, Әл-Фараби, Еңбекші аудандары мен қала орталығындағы бірнеше ғимараттар иелерінің есебінен мәжбүрлеп демонтаждалған.

Шымкент қаласында құрылыс саласын реттеу, заңсыз нысандарды жою, сапаны бақылау және лицензиялау бағытында жүргізілген жұмыстар қаладағы урбанистік даму қарқынының қауіпсіз әрі заңды жүзеге асуына мүмкіндік беріп отыр. Басқарма алдағы уақытта да бақылауды күшейтіп, құрылыс нарығындағы тәртіпті қамтамасыз етуге жұмыс жүргізбек.

Тұрғын үй қауіпсіздігі нығаюда
Шымкенттегі ауыз су және кәріз жүйелері: Қамту көрсеткіші 99,5%-ға жетіп, жаңа жобалар қарқын алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу