Тұрғын үй қауіпсіздігі нығаюда

Oinet.kz 17-11-2025 3

Шымкент қаласында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында газды пайдалану мәдениетін қалыптастыру, көпқабатты үйлерді басқаруды жүйелеу және лифт шаруашылығын жаңарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. 

Screenshot_20.jpg

Тиісті салалар бойынша профилактикалық шаралар арттырылып, бұзушылықтарды жою және авариялық жағдайлардың алдын алу бағытында нақты нәтижелер байқалуда.

Қалалық газ техникалық қызметі КММ мамандары жыл басынан бері газбен байланысты оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Газды пайдалану ережелерін сақтау туралы жадынамалар таратылып, тұрғындарға қауіпті аймақтар туралы ақпарат берілді.

2025 жылы атқарылған жұмыстардың негізгі көрсеткіштері бойынша 62 үгіт-насихат шарасы, БАҚ пен әлеуметтік желілерде 74 жарияланым, 28 жиын, дөңгелек үстел, 174 000 жадынама қала тұрғындарына таратылған. 

Газды пайдаланудағы қауіпсіздік талаптарын бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК 306-бабы бойынша 81 тұлғаға жалпы 1 161 906 теңге айыппұл салынса, 305-бап бойынша 13 заңды тұлға 344 050 теңге көлемінде жауапкершілікке тартылды.

Улану деректері талданып, “қызыл аймақтар” белгіленіп, сол учаскелерде бақылау күшейтілді. Нәтижесінде 174 мың үйге түсіндіру жүргізу барысында 2835 ақау анықталып, оның 601-і түзетілді, қалған 2234 үйде жөндеу шаралары жалғасуда.

Сонымен бірге, 2025 жылы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қатысты жобалық құжаттамаларды келісу бойынша 64 өтініш түсіп, оның 29-ы мақұлданды, 34-і кері қайтарылды.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы тарапынан көпқабатты үйлерді басқару жүйесін реформалау бағытында жұмыстар жүргізіліп келеді.

Шымкент қаласында:

2595 көпқабатты тұрғын үй бар;

оның 1008-і – 35 пәтерден аз, өздігінен басқаруға құқылы;

1587 үй – басқару нысанын тіркеуге жатады.

Қазіргі таңда қала бойынша 138 мүлік иелері бірлестігі (МИБ) құрылған. Ал 1449 тұрғын үйде басқару нысаны әлі таңдалмаған.

Бұл бағытта тұрғындармен кездесулер өткізіліп, жаңа заңнамалық нормалар түсіндірілуде. Жергілікті атқарушы органның ресми сайттарында және әлеуметтік желілерінде ақпараттық материалдар тұрақты жарияланып отыр.

Шымкент қаласында лифт инфрақұрылымын жаңарту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Қаладағы лифттердің жалпы саны – 1347. Оның ішінде:

1035 – тұрғын үйлерде;

60 – денсаулық сақтау нысандарында;

59 – мектептерде;

184 – қоғамдық және коммерциялық мекемелерде орнатылған.

2023–2029 жылдарға арналған ТКШ инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасына сәйкес, 2024 жылы жергілікті бюджет есебінен 28 лифт толықтай жаңартылып, пайдалануға берілді.

2025 жылы – 27, 2026 жылы – 23 лифтіні ауыстыру көзделген.

Лифтілердің тоқтап қалуы немесе адамдардың іште қалып қоюын болдырмау мақсатында қызмет көрсетуші мекемелер «Айкөмек 109» орталығымен біріктірілді. Жыл басынан бері орталыққа тұрғындардан 634 шағым түсіп, оның 631-і жедел орындалды, 3 шағым бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Қаладағы газ қауіпсіздігін арттыру, тұрғын үйді басқару мәдениетін қалыптастыру және лифт шаруашылығын жаңарту бойынша атқарылған шаралар Шымкенттің коммуналдық инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеруде. 

Құрылыс серпіні мен сапа сын-тегеуріні
Шымкентте қалалық орта сапасы күшейді: 10 айдағы басым бағыттар мен нәтижелер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу