Сауран ауданы: Нигораның кәсібі

Oinet.kz 07-08-2026

Кез келген ұлы бастама арманнан басталады. Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылдық округінің тұрғындары дамытуды ұйғарған шағын отбасылық кәсіпті дәл осылай сипаттауға болады. Халықтың басым бөлігі ежелден мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысатын Сауран ауданында соңғы жылдары ауыл шаруашылығының жаңа салалары қарқынды дамып, қосымша табыс көзіне айналып келеді. Соның бірі – жылыжай шаруашылығы.

Бүгінде шаруалар азғантай жер телімін де тиімді пайдаланып, лайықты өнім алып, тұрақты табыс әкелетінін іс жүзінде дәлелдеуде. Мәселен Оранғай ауылдық округінің тұрғыны Нигора Сейтходжаеваның кәсібі. Іскер ауыл тұрғыны небәрі 0,80 гектар жер теліміне жылыжай салып, қазір ол жерде қияр, басқа да көкөністер өсіруде. Тынымсыз еңбек пен табандылықтың арқасында өсірілген өнім табиғилығымен, жоғары сапасымен, тамаша дәмімен ерекшеленеді.

Ол кәсібін бастау үшін округ әкімдігіне өтініш беріп, «Ауыл аманаты» жобасына қатысты. Сөйтіп, ұлы арманын жүзеге асыруды көздеген шаруа қаржы ұйымдарынан 5 миллион теңге несие алып, ойындағы кәсібін бастап кетті. Бүгінгі күні кәсіпкер, қияр баптап, одан мол өнім алуда. Өзінің айтуынша қазіргі таңда жылына 4 тонна қияр өнімін алады екен. Кәсіпкердің жылыжай кешені толықтай тамшылатып суару жүйесі арқылы жабдықталған.

Оның сөзінше, жылыжай шаруашылығы – бұл отбасының әл-ауқатын жақсарту ғана емес, сонымен қатар ауыл тұрғындарын сапалы, органикалық көкөністермен қамтамасыз етудің тиімді жолы. Органикалық өнімге сұраныстың артуы жағдайында мұндай күш-жігердің маңыздылығын асыра бағалау қиын.

Нигора Сейтходжаеваның жұмысы – ауылда бола тұрып, жеке кәсіп ашып, жерді бағалап, адал еңбекпен табысқа жетуге болатынының айқын дәлелі. Мұндай бастамалар ауыл экономикасының дамуына тың серпін беріп, өзгелерге үлгі-өнеге.

Біз білетіндей, кез келген ұлы бастама арманнан басталады. Нигора Сейтходжаева отбасымен бұрыннан бір кәсіппен айналысуды жоспарлап жүрген. «Ауыл аманаты» жобасы сол ойдағы ұлы арманды жүзеге асыруға сеп болды. Сөйтіп пайдасын тигізетін кәсіп ашуға бел буды. Жылыжай құру идеясы осылай туған еді. Құрылыста үлкен тәжірибесі бар отбасы жобаны өз бетінше әзірлеп, барлық есеп-қисаптарды аяқтап, жұмысқа кірісті. Бірнеше айдың ішінде жылыжай өзінің алғашқы нәтижелерін бере бастады.

Мұнда ерте көктемге дейін басқа дақыл өсіріліп, бүгінде жылыжайда қияр өндірілуде. Сонымен қатар, жылыжайда дақылдардың өнімділігіне оң әсер ететін және жаңа ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге мүмкіндіктер ашатын озық технологиялар енгізілген.

– Біздің жоспарларымыз өте ауқымды. Көкөніс шаруашылығын ғана емес, жеміс-жидек өндірісін де дамытқымыз келеді, кейіннен нарыққа шығамыз. Мемлекет тарапынан қолдау табылса біз кеңейтуге қосымша мүмкіндіктерге ие боламыз. Заманауи технологияларды енгізу ерекше маңызды – бұл дамуға айтарлықтай серпін берер еді, – дейді Нигора Сейтходжаева.

Сауран ауданы: Өз брендін қалыптастырған наубайхана
Сауран ауданы: Мал бордақылап, егін салып, көкөніс баптап табыс табуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу