Сауран ауданы: Жиһаз бен темір есік жасауда
Түркістан өңірінде жиһаз және темір есік жасайтын шағын цехтар көп. Соның бірі Сауран ауданының Оранғай ауылдық округінде орналасқан жиһаз цехы. Кәсіпкер Бабыр Насыров «Ауыл аманаты» жобасына қатысып, 5 миллион теңге қаражат алып, дәнекерлеу цехын ашқан. Биыл цехтың жұмыс істеп жатқанына екі жылға жуықтады.
Кәсіпкердің айтуынша, цехта қонақ бөлме үстелдері мен орындықтары және темір есіктер шығарылады. Ол өз шеберханасына «Абдусардар» атауын берген. Өнімін де осы сауда белгісімен нарыққа шығарып келеді.
Жеке кәсіпкер Бабир Насировтың «Ауыл аманаты» жобасымен бастаған кәсібі бизнесті бастауға негіз болған. Ал оның бүгінде жүргізіп отырған жобаның жалпы құны 300 миллион теңгені құрайды. Бастапқыда дәнекерлеу цехын ашса, бүгінде заманауи технологиялармен жабдықталған зауыт жылына 3000-нан астам темір есік пен үстел шығаруға мүмкіндік береді. Онда 12 адам жұмыс істейді. Олардың орташа жалақысы 250-300 мың теңге.
«Абдусардар» жиһазының өнімдері бүгінде сұранысқа ие. Қазіргі таңда Түркістан қаласы мен Сауран ауданына өткізіледі. Жиһаз жасаушы өндірістің әлеуеті зор екенін айтты. Негізгі арнайы жабдықтарды Өзбекстаннан алдыртады. Осылайша отандық тауарлар ішкі нарықта сұранысқа ие, өзінің өнім көлемін айтарлықтай арттырып келеді.
– Жиһаз өндірісі саласы қарқынды дамып келеді және мемлекет тарапынан қолдау табуда. Ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілік артып келеді. Елде тұрғын үй құрылысы қарқын алып, жиһазға деген сұраныс артып келеді. Сондықтан біздің өнімдеріміз танымал бола бастады және бизнесімізді кеңейтудің жаңа мүмкіндіктері ашылып жатыр», – дейді кәсіпкер.
Дегенмен жиһаз өндірісінің әлеуеті өте зор. Негізгі жабдықтар Өзбекстаннан импортталды. Цех өнімдері ішкі нарықта танымал бола бастады, ал кәсіпкер зауыттың қуатын арттыруға ниетті.
– Бүгінде біз есіктің барлық түрін, қажет болса ішкі бөлме есіктерін жасаймыз. Бізде жасалған жиһаз да есіктер де сапалы, әрі шыдамды. Сондай-ақ тапсырыс берушінің қалауымен түрлі өлшемде есік дизайнын жасаймыз. Біздің цехта жасаған есіктер барлық температуралық, еуро стандарттық талаптарға жауап бере алады, – дейді кәсіпкер.
Бабир Насировтың алдыға қойып отырған мақсаты – халықты қол жетімді бағамен отандық өндірістің жиһаз және темір есіктерімен қамтамасыз ету. Цехта тапсырыспен де есіктер дайындалады. Ол еуропалық стандартқа сай жасалып, кепілдікпен алушыға жеткізіледі. Бүгінде жеке кәсіпкер өңірде тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз етіп қана қоймай, мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің табысты үлгісін көрсете отырып, Сөйтіп Сауран ауданының шағын және орта бизнесін дамытуға өз үлесін қосуда.


