«Олимп» букмекерлік кеңсесі ставкалар қабылдауды тоқтатты

«Олимп»  букмекерлік кеңсесі ставкалар қабылдамайтынын жариялады. Бұл туралы компанияның сайтында хабарланған.

Screenshot_15.jpg

«2020 жылғы 22-қаңтардан OLIMP.KZ қазақстандық лицензия бойынша ставкалар қабылдай алмайды, оның әрекеті уақытша тоқтатылған. Әрине, мұндай жағдайдың орын алғаны өкінішті. Біз қазақстандық букмекерлік еңсе болғанбыз және болашақта да сондай болып болып қала бергенді қалаймыз», - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Олимп» букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің құмар ойын бизнесін заңсыз ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған болатын. Сонымен қатар, кеңсеге қосымша 145 млрд теңге сомасындағы салық есептелінген болатын.

Атап айтсақ, бұл компанияға жасалған алғашқы қылмыстық қудалау емес. 2014 жылғы қаңтардаАлматы Қаржы полициясының департаменті «Olimp.KZ» Букмекерлік кеңсесі» ЖШС-не қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Ол кезде кеңсе 30млн теңге сомасындағы салықты төлеуден жалтарған деген күдікке ілінген болатын.

Сотта салықшылар «Олимптың» 2012-2013 жылдар аралығында бюджетке 77,6 млн. теңгені кем төлегенін дәлелдеуге қол жеткізді. Сол кезде кеңсеге жетекшілік жасаған Петр Давыденко өз кінәсін мойындады, сот оған 2 млн теңгеге жуық сомадағы айыппұл салды.

«Олимп» букмекерслік кеңсесінің негізі 2004 жылы қаланған. «Олимп» БК» брендінің операторы «Onlybet» ЖШС-і болып табылады. Құмар ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға рұқсат беретін №21 лицензия 2017 жылы Қазакқстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан берілген. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Кеудесіне 4 рет пышақ сұққан»: Алматылық тұрғын тесіліп қарағаны үшін бейтаныс адамды өлтірген
  • Коронавирустан қайтыс болғандар саны 2345 адамға жетті
  • Италияда коронавирус жұқтырған алғашқы адам қайтыс болды
  • Тараз: 13 жасар қыздың асқазанынан 1 келіден асатын шаш алынды
  • 2020 жылы жұмыс істеген аналар үшін қандай көлемде декреттік төлем болады?
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика