Чжан Сяо: «Қытай мен Қазақстан халықтары – тату көрші, әріптес, бір-біріне туыс»

Oinet.kz 03-02-2020 1777

Қытай мен Қазақстан қарым-қатынастың стратегиялық әріптестіктен мәңгілік серіктестікке ұласқаны туралы айтқан болатын. Алайда қоғам арасында екі елдің байланысына қатысты туындайтын мәселе де аз емес. Sputnik Қазақстанға сұхбат берген Қытай халық республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо екі мемлекеттің достығына қызғанышпен қарайтындар бар деп отыр.

Картинки по запросу елшісі Чжан Сяо

"Қытай мен Қазақстанның қарым-қатынасы мызғымас екеніне бірнеше дәлел бар. Біріншіден, екі ел географиялық жағынан бір-біріне өте жақын, ғасырлар бойы сенімді әрі тату көрші болып келеді. Біз Ұлы Жібек жолы арқылы етене араласып, өзара тиімді әрі достық байланыстарды орната білдік. Осы қарым-қатынас ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Қытай мен Қазақстан халықтары – тату көрші, әріптес, бір-біріне туыс. Құдайдың өзі осы тарихты және шындықты өзгерте алмайды", - дейді Сяо.

Елшінің айтуынша, екі ел де шығыс өркениетіне тән отбасы құндылықтарын ерекше дәріптейді. "Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет" қағидасын ұстанады. Қытай да, қазақ та эгоизмге жол бермейді. Жақынға қамқор бола біледі. Бұның бәрі – мәдениеттің ұқсастығы. Ал мәдениет – ол халықтың жаны, ішкі болмысы. Осы ұқсастықтың арқасында өзара сыйластық пен құрмет қалыптасады.

"Қытай үкіметі алғашқылардың бірі болып Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады. Ал 1992 жылы 3 қаңтарда екі мемлекет елшілердің деңгейінде дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Содан бері Қытай көшбасшылары мен Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен Қытай мен Қазақстанның байланысы дамып келеді", - деп атап көрсетті Сяо.

Елші Қытай үкіметінің 1995 жылғы қауіпсіздік кепілдігін беру туралы мәлімдемесін еске алды. Үш жылдан кейін екі елдің шекара мәселесі толығымен шешілді. Ал 2002 желтоқсан айында Қытай мен Қазақстан "Достық, әріптестік пен көршілік туралы" келісімді рәсімдеді. Осылайша, екі жақты қарым-қатынастың негізі қаланды.
2005 жылы шілде айында Қытай мен Қазақстан стратегиялық әріптестікті бастайтынын мәлімдеді. 2011 жылы осы бастама жан-жақты стратегиялық әріптестікке ұласты. Екі жылдан кейін ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға сапар жасап, "Жібек жолы" экономикалық белдеуін құру бастамасын жариялады.

2015 жылы екі тарап жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне аяқ басқанын мәлімдеді. Ал 2019 жылы қыркүйек айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға жасаған сапары кезінде екі елдің басшылары мәңгілік стратегиялық әріптестіктің орнағанын жариялаған болатын.

"Мінеки, осының бәрі тарихи достықтың жалғасы ғана емес, ең жақын әрі ең мықты қарым-қатынастың көрінісі болса керек. Бұл – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мызғымас достық пен өзара тиімді әріптестіктің нәтижесі", - деп атап көрсетті Сяо.

Қытайда коронавирусты жұқтырғандар саны 16600-ге жуықтады
«Головкинге жанкүйер болмаңдар!» Қалаулым экс-қатысушысы тың мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу