Алматыда 9 жастағы бала жоғалып кетті

Oinet.kz 02-09-2020 1138

Алматыда жоғалған 9 жасар баланы полиция іздеп жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Полиция департаментінің хабарлауынша, 2011 жылы туған Месут Мырзақұлов Медеу ауданындағы үйінен 1 қыркүйек күні сағат 13:00 шамасында шыққан, бірақ үйіне қайтып оралмаған.

"Бойы 125 сантиметр, дене бітімі жұқа, шашы қара. Арнайы белгілер жоқ. Ол ашық түсті жолақ сызықтары бар футболкада, қара көк шортпен, ақ шілтері бар қара көк түсті кроссовкада болған. Месут Мырзақұловтың қайда екендігі туралы бірдеңе білетіндерден тез арада полицияға хабарлауларыңызды сұраймыз", - дейді басқармадағылар. 

Президент қазақстандықтарға кредит беруді шектеуді тапсырды
Қарағандыда сәбиін қоқысқа тастаған әйелдің шындығы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу