Кипр кедергі келтірді

Oinet.kz 24-09-2020 717

Еуропалық одақтың сыртқы істер министрлері Беларусьтың ресми шенеуніктеріне қарсы президент сайлауы нәтижесіне қарсы шыққан халыққа күш қолданғаны үшін санкция салуда ортақ шешімге келе алмады.

image.png

Еуропалық одақтың сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель сыртқы істер министрлері кездесуінің қорытындысы жайында Кипр ұстанымы Александр Лукашенко режиміне қарсы санкция салуға кедергі болды деп мәлімдеді.

Баспасөз мәслихаты кезінде Боррель Еуропалық одақ Беларусь халқымен бірге екенін жеткізген. Еуропа дипломаттарының басшысы «біздің жоспар Беларусьтің ішкі ісіне араласу емес, бірақ Еуроодақ билік пен халық арасында диалог орнатуға септігін тигізгісі келеді» деді. Халықаралық француз радиосының хабарлауынша, Боррель Еуроодақ Беларусьтағы президент сайлауының нәтижесін және Александр Лукашенконың заңды мемлекет басшысы екенін мойындамайтынын айтқан. Ал "Неміс толқыны" санкция салу мақұлданбаса да, ЕО сыртқы істер министрлері Минскіге қарсы санкция қажет екенін бірауыздан қолдады деп хабарласа, ТАСС және AFP агенттіктері санкция салуға Кипр ұстанымы кедергі болды деп жазады. 

Бұл жайында Латвия сыртқы істер министрі Эдгар Ринкевич твиттер парақшасына; "Өкінішке қарай, бүгін біз адам құқықтарын бұзғаны үшін санкция салуға бір шешімге келе алмадық. Бір ғана мүше ел кедергі келтірді. Бұл жақсы сигнал емес", – деп жазды. 

Санкцияға қатысты нақты шешім бүгін, яғни 24 қыркүйекте басталатын Еуропалық одақ саммитінде қаралады.

Сайлауға қолбала кандидаттар тартылған
Үздік шәкірттер оқитын мектепте спорт алаңшалары пайдалануға берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу