Мұхтар Әбілязовтың тағы бір сыбайласы ұсталды

Oinet.kz 30-10-2020 764

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеттің жәрдемдесуімен Грузиядан «БТА Банкі» АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры Асылмұрат Рамазановты экстрадициялады, деп хабарлайды Oinet.kz прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әбілязовқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Ол 249 млрд теңгеден астам сомаға БТА Банкінің активтерін Мұхтар Әбілязовтың ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастығы мүшелерімен бірлесіп ұрлағаны үшін іздестірілген болатын.

Қылмыстық жауаптылықтан жалтару мақсатында Рамазанов Қырғыз Республикасы азаматының жалған төлқұжатын пайдаланып, Грузия аумағында жасырынып жүрген.

Алайда қазақстандық құқық қорғау органдарының грузин әріптестерімен үйлесімді жұмысының арқасында ол Грузия ІІМ ұсталынды.

Қазіргі уақытта Рамазанов Алматы қаласы тергеу изоляторына қамалды.

Мұқан Егізбаевқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беру ұсынылды
Kaspi Bank-ті тонап кеткен күдіктілер ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу