Қалалық этно мәдени орталық өкілдерімен кездесу өтті

Oinet.kz 30-12-2020 1262

Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – маңызды байлық. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Бүгін «Nur Otan» партиясының кандитаты Амантай Байтанаев қалалық этно мәдени орталық өкілдерімен кездесті. 

image.png

Кездесу барысында  халық бірлігі мен қоғамдық келісім - Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы екендігі айтылды.  "Nur Otan"  партиясының 2025 жылға дейінгі  сайлауалды бағдарламасының басымдықтары және Арыс қаласы "Nur Otan" партиясының  қаланы дамыту бойынша  7 бағыты түсіндірілді. Бүгінде Арыс қаласындағы барлық ұлт өкілдері ынтымағы жарасқан, 4 этномәдени бірлестік бірлікті және этносаралық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосуда. 2025 жылға дейін мемлекеттік - жекешілік әріптестік шеңберінде апаттық жағдайдағы мәдениет нысандары орнына жаңа нысандар бой көтеретіндігі айтылды. Бейбітшілік  пен келісімді қолдау үшін "Nur Otan" партиясы 2025 жылға қарай мынадай міндеттерді қояды:

- Арыс қаласының көрнекті тумаларын (Д.Исабеков, С.Адамбеков, М.Жұрынов, А.Салықбаев,  Б.Шүкірбеков, А.Қуатбеков, Н.Үсенбаева, Ж.Жаппарқұл) насихаттау;

- "Бақытты отбасы" партиялық жобасы шеңберінде отбасының рөлін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін түрлі акциялар спорттық іс-шаралар өткізу ;

image.png

- Мемлекеттік тілді насихаттау, қолдану аясын кеңейту; 

- Қасиетті және көрікті жерлерг өлкетану экспедицияларын жүргізу, қаланың  қасиетті жерлерін көгалдандыру (Мұңлық-Зарлық, Жекен шайық т.б);

- Ақдала ауылында 240 орындық (Ақдала ауылына жастардың уақытын тиімді өткізетін клуб ашу), Жиделі (Дермене ауылында жастардың уақытын тиімді өткізетін клуб ашу) мен  Дермене ауылында 120 орындық мәдениет үйін салу;

- Жыл сайын  "Қоғамдық келісімді сақтау және этносаралық кикілжіңдердің алдын алу", "Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыптарында жүйелі кездесулер ұйымдастыру;

- Өзге тілде білім беретін мектептерде міндетті түрде мемлекеттік тілде білім беру сыныптарын ашу;

- Ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және ұлттың мәдени кодын сақтау, оның ішінде тақырыптық іс шаралар өткізу;  

Кездесу соңында  этно мәдени орталық өкілдерінің тұрғын үй коммуналдық шаруашалық, шалғай ауылдарды интернет жүйелерімен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, зейнетақы және денсаулық сақтау бағыты бойынша сұрақтарына жауап берілді. "Nur Otan " партиясы жұмысындағы басты бағдар жұртшылықтың талап тілектерімен мұң - мұқтаждықтарын тыңдау екендігі атап өтілді.

Дұрыс таңдау жасау - өз қолыңызда!

Nur Otan партиясы Арыс қалалық филиалының Сайлау қоры қаражатынан төленді

Сайрам ауданы: Кәсіпкерлік саласын қолдау қарқынды болмақ
​Пашимов құрметті азамат атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу