Білім министріне сынып жетекшілігі үшін берілетін ақыны 100 мыңға көтеру ұсынылды

Oinet.kz 22-01-2021 10496

Бүгін Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтан қаласында белсенді мектеп мұғалімдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында түрлі ұсыныстар айтылды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_14.jpg

Министрмен болған жиында Айбар Абайұлы есімді белсенді мұғалім министрге сынып жетекшілігі үшін берілетін ақының көлемін көбейтуді сұрады.

- Сынып жетекшінің еңбегін 10 мың теңгеге бағалау дұрыс емес. Сынып жетекші әрбір оқушымен, әрбір ата-анамен, пән мұғалімдерімен, мектеп басшылығымен сынып үшін қаншама жұмыс жүргізеді. Тәрбие сабақтарын ұйымдастыру, сынып есебін тапсыру т.б. толып жатқан жұмыстары бар. Сынып жетекшінің жалақысын кемі 42500-ден 100 мыңға дейінгі аралықта көтеру қажет. Сонымен қатар, мұғалім мен оқушының жағдайын жасайтын менеджерлік басқаруға көшу туралы ұсыныс айттым. Мектепті басқаруда сапалы білімді ұйымдастырушы менеджерлер керек, - деді белсенді мұғалім.

Министр жиынға қатысқан әр мұғалімді мұқият тыңдап, соңында біреуінің де айтқанын қалт жібермей, жетік және егжей-тегжейлі жауап берді.

Шымкентте «Домалақ ана» операсы қойылады
Амалы таусылған полицей қызметкері жолаушыны қарғады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу