«Біртанов саяси жүйенің құрбаны» - мемлекет қайраткері (видео)

Oinet.kz 11-02-2021 2671

Қоғам Қайраткері Жақсылық Құлекеев Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановты саяси жүйенің құрбаны деп есептейтіндігін жеткізді. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты. 

Біртанов пен Құлекеев.jpg

- Мысалы Біртановқа байланысты айтар едім соңғы уақытта болған. Үлкен информациялық жүйені денсаулық сақтау саласына енгізді. Қазір, Денсаулық сақтау саласында қызмет етіп жатқан мекемелердің қызметі үлкен өзгерістерге ұшырап отыр. Қазір қалтаңда жеке куәлігің болатын болса, Ақтөбеге барып куәлігіңмен алып кез келген клиникаға баратын болсаң сенің базада тұрған данныйларыңды кез келген врач шығарып ала алады. Соңғы рет қайда, қашан ем қабылдағаныңды көрсетіп тұрады. Сол сияқты бұл түбегейлі өзгерістердің, реформалардың басы. Әрине, бұл жұмыс жаңа ғана басталып, енді ғана іске асып жатқан. Енді Біртановқа тағылған айыпқа келетін болсақ. Мұндай орынсыз нәрселердің қоғамда болмағаны дұрыс. Қоғам соның ішіндегі мемлекеттің бірінші басшылары мейлінше мемлекет үшін қызмет істеп жүрген саяси тұлғаларды қорғауы керек. Министр АКТ-ға қол қойып, ақша аударғаны үшін түрмеге отыра беретін болса, кім министр болып жұмыс істейді. Біртановты саяси жүйенің құрбаны деп есептеймін - дейді Жақсылық Құлекеев. 

Қыдырәлі Болманов Мәжіліс депутаты көтерген маңызды мәселені қолдады
2021 жылдың көктемгі су тасқыны және найзағай маусымы кезінде су тасқынына қарсы іс-шаралар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу